Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жылпылдап, жоғары жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты. Содан кейін мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп,...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Мысық пен тышқан дос болыпты. Бір күні екі дос келе жатып, бір құмыра май тауып алыпты. Мысық білгірсініп: «Құмырадағы майды қыста жейік», – деп, шұңқыр қазып, көміп тастапты. Күндер өте береді. Қыс келеді. Аяз қысып, қарны ашып жатқан мысықтың есіне өзі көміп қойған құмырадағы май түсіпті. Енді мысық сылтауратып: – Ты...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU 15
Қамбаға бас сұқса-ақ мысық бас салып, ажалға тап бола берген соң, тышқандар оңаша бір қуысқа жиналыпты да, кеңес құрыпты. – Жауыз мысықтан қалай құтыламыз? – депті мәжілісті басқарып отырған тышқан. Бәрі үнсіз ойласып, амал іздей бастапты. Әрі ойлап, бері ойлап, ешқандай шара ойларына түспепті. Сөйтіп дал болып отырған...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU СУС113Е
Бір тышқан тамақ аулай кетіп ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесіп айтыпты: – Сен ол інді тастап өзге ін қазып ал, жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес. Оғ...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Бір күні саршұнақ бақшаға кіреді де, өсіп тұрған көкөністің әптер-тәптерін шығарып бүлдіреді. Бақшашы ұстап алыпты да, сілейте сабапты. Сарышұнақ есінен танып қалыпты. Бақшашы оны өлдіге санап, қоршаудың сыртына лақтырып тастапты. Есеңгіреп жатқан сарышұнақ аздан кейін есін жинайды да, сүйретіліп барып, шалғынның арасы...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU АТ91
ATU ТМК540
Ілгері заманда бір адамның бір өгіз, бір есегі болыпты. Есек әман рақатта, сарайда шөп жеп, суын ішіп тұра береді. Өгіз әман ауыр жұмыстарда болып михнатпен күн кешіреді екен. Яғни – жер жырту, егін суару, тағы басқалар. Бір күндері өгіз есекке мұң-мұқтажын айтып шағады «Арыдым, шаршадым, бар ауыр жұмыс менің мойнымда»...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ғ.Елеусізов
ATU СУС207А
Есек жүк тасудан қашып, әбден жалығады. Бір күні ол өзімен жолдас болып жүрген түйеге келіп: – Әй, түйе, мен жүк тасудан әбден жалықтым, жон терімнің тамтығы қалмады! Жүр, екеуміз бірлесіп қожамыздан қашайық та, ойымызға келгенін істеп, өз еркімізбен өмір сүрейік, – депті. Түйе үндеңкіремей, ойланыңқырап барып жауап қа...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1960
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Әбу Уахитов
ATU 207А
ATU 56А
ATU 78
ATU АТ103С
Нөсер құйып, өзен тасиды. Бір бақа өзеннен малтап жағаға шығып, шөп басындағы су моншақтарын шашырата шоршып, ән салып жырғап жүреді. Әуе кеңістігінде жер бетін шарлай ұшып бір аш кезқұйрық шүйілген бойы оны іліп алып, әуе кеңістігіне шарықтай жөнеледі. Бақа төмен жаққа көз салады, жер бетіндегі үйлер мен ағаштар көз ұ...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Әкежанұлы
ATU 227
Бір күні ақымақ қарға жар басында қонып отырса, бір бүркіт келіп, сайда жайылып жатқан қойдың ішінен бір қозыны іліп алып тасқа шығып жеп отырыпты. Мұны көрген қарға «Мен де бүркіт сияқты біреуін іліп алып, жемеймін бе? – деп ойлапты да мен алсам қозыны алып не қылам, үлкен қошқарды алмаймын ба», – деп бар күшін жинап,...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1990
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Бадан Мұқаметкәрімұлы
Бұрынғы заманда бір кедей адам болыпты. Бұл адам тұзақ құрып, құс ұстап саят қылып жан бағады екен. Бір күні бір жіпке жем шашып, тұзақ құрып қойған екен. Мұны кептер көріп патшасына айтады. Соны барып жеп келсек қайтеді деп. Сонда патшасы: «Адам баласы амал-қайласы бар қу болады. Тұзақ деген нәрсе құрып қойып, алдап ұ...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
ATU 155
ATU 233
ATU 241.2.5.
ATU 242
Бір қарға көп жемтік өлексені жиып таусылғысыз етіп, таудай қылып үйіпті. Бір қыран лашын-бидайық соны көріп: «Мынауменен жақын болсам, өмірімде қарным ашып, өзегім тала ма», – деп, сол қарғаға тимей, үйді-үй қонып жақындасып жүріпті. Манағы бидайық көрінгеннің желкесін қиып тастай береді екен. Сүйтіп жүре-жүре қарға м...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1889
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: М.Ж.Көпеев
Лашынның балапаны топшысы қатып, ұядан ұшқан соң-ақ жемін тауып жеуге шығыпты. Жолшыбай бір қарға оған қызылшы болып ерсе керек. Алғаш бауын үйректің балапанымен ашқан лашын олжасын қарғаға байлапты. Көктен тілегенін жерден тапқан қарға барлығын жапырып тастағандай екі иінінен дем алып, әлгі үйректің балапанын ұясына а...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1980
Өңір: Kazakhstan
Қарға баласына: «Адам баласы біздің дұшпанымыз, сақ болыңдар, екі шоқып бір қараңдар», – деген. Сонда баласы: «Екі шоқып бір қарамай, бір шоқып екі қарағанда аштан өлеміз бе», – деген. Қарға: «Адам баласы ұратын тасын қойнына тығып жүреді», – деген, сонда баласы айтқан: – Тасты қойны мен қонышына салғанша, қолына ұстап...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Бұрынғы өткен заманда бір қарға көшкен жұртқа ұшып келеді. Сол жұртта көлеңкеде жатып қалған тоқтыны көреді. Тоқтыға айтады: – Сенің көзіңді жеймін, – дейді. Тоқты: – Жарайды, менің көзімді жеу үшін алдымен аузыңды суға жуып кел. Өйткені сенің адалдығың шамалы, былғаныш едің. Сонан соң мен саған көзімді беремін, – депт...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: А. Жусабаев
Жер-дүниенің патшасы Сүлеймен пайғамбар кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық қылды. – Сен, қарға бар! Бір түнде жер-дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Бұл құсты үйдің бас жағындағы тұрған қапасқа отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған даусымен оятсын! – Сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, маған бір жұмса...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1889
Өңір: Kazakhstan
Құмырсқа мен елік дос болыпты. Мұны білген басқа хайуандар: – Елік ақымақ қой, құмырсқа дос болып несімен жырғатады, – дейді екен. Бір күні су ішіп тұрса, құмырсқаны су ағызып келе жатқанын көреді. Елік жалма-жан шөпті аузына тістеп құмырсқаны құтқарып алыпты. Құмырсқа елік досының бұл жақсылығын қайтып ақтасам болар д...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Серпін Сымайылұлы
ATU СУС239
Баяғы заманда бір хан өтіпті. Өзін-өзі әлемдегі асқан ақыл-парасатты, ділмәр адам санайды екен. Бір күні хан қалың нөкерін шұбыртып, саятқа шығуға әзірленіпті. Жан-жаққа жаршы, хабаршылар шаптырыпты. «Құрт-құмырсқаға, кішкене жәндіктерге айтыңдар, он күнге дейін індерінен шықпасын. Әйтпесе біздің аттарымыз таптап өлтір...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан-жануарлардың, құрт-құмырсқаның тілін біледі екен. Бір күні әлгі данышпан жолаушылап келе жатыпты. Жарты жолға келгенде ат шалдырып, дем алып отырса, кішкентай бір құмырсқаның дән тасып жүргенін көреді. Оны жерден көтеріп алады да, алақанына салып тұрып: – Қане, құмырсқа, ай...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді. Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жи...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Бір күні, мысық тышқандарға: – Мен үлкен сопы болдым. Бүгіннен бастап құдайға құлшылық ету жөнінде шариғат сөйлеймін, барлығың келіп тыңдаңдар! – деп уағыз айтыпты. Тышқандар кеңесіп: – Бұл жыртқыш сопы болдым депті, ет жемесе, енді нені қорек етеді екен, сұрап ұғайық, алданып қалмайық, – деген байламға келісіпті. Олар...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1963
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Әкежанұлы
ATU 113