Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

5063 Жалпы жазба
199,295 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4031 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 5063 жазба көрсетілуде

Аш қасқырдың арманы

Шытынаған аяз. Қойлар жылы қорада бырт-бырт күйіс қайырып жатады. Сыртта маң төбеттер маңқ-маңқ үреді. Қорада күзет сақ. Аш қасқыр ауыл сыртын торуылдайды. Арлан бұл маңда қойдың барын сезеді. Сілекейі шұбырады. Сөйтіп, ауылға жақын келеді. Мұны сезген төбет арс ете қалады. Қасқыр қаша жөнеледі. Жапан дала. Қасқыр әлде...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Қасқыр, түлкі және есек

Бір күні қанішер қасқыр, айлакер түлкі және аңқау есек үшеуі бір сайдың ішінде жолығысып қалады да, жайғасып отырып, әңгімелесе бастайды: —Біздің басымыз не кешпеді,—депті түлкі сөзді әріден қозғап. —Осы өмірімізде істеген жақсы-жаман істерімізді айтып, өзіміздің қылықтарымызды өзіміз бір байқап, саралап көрсек қайтеді...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Қасқыр мен кірпі

Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Сол кезде кірпінің инелері қанжардай қадалып, қасқырдың тұмсығы мен тамағы боялады. Өзінің озбырлығын, қомағайлығын сездіргісі келмеген қасқыр: —Бетіңнен сүйейін деп едім. Сен-ақ түрпілеріңді тастамай жүреді екенсің өмірі,—деп сылтауратады. Кірпі түрпіле...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU СУС80

Бұл не қылған батпан құйрық

Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады. Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың?—деп сұрайды түлкі жылмаңдап. —Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын. —Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым болады екен. Бірге іздейік. —Ал, түке, ендеше баста,...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 30 ATU 35

Қасқыр мен түлкі

Қасқыр мен түлкі келе жатып бір жартастың үстіне шығады, қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр: —Түлкім-ау, неге ішің тартасың?—дейді. Түлкі: —Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа екі рет келдім. Сенің әкеңнің ерлігіне сондай сүйсіндім, осы жарт...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1962 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: М.Төлебаев

Қасқыр мен түлкі

Бір күні түлкі қасқырға жолықты. Қорқып сасқанынан құйрығын бұлғаңдатып, жұмсақ тіліменен қасқырға айтады: «Айналайын, шырағым, досым! Мен саған тәтті тамақ тауып берейін, қарағым, қалқам! Қатты азып қалыпсың, маған ере жүр. Жақын арада бір бос қалған қыстаудың шетінде өзі оңаша тігілген бір үй тұр. Мен қасынан өтіп ед...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1889 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Сейфуллин Ташмамбет ATU 41

Аш қасқырдың дәмесі

Неше күннен бері қанды аузына қара шыбын да ілінбеген бір қасқыр ауылды торып, қораға жақын келіпті. Жалғыз тал шиді паналап, жер бауырлап, жан-жағына алақтап, бір үйдің іргесіне таяпты. Үй ішінен жылаған баланың даусы шығады. —Жылама, қой енді, жылай берсең, қасқырға бере саламын,—депті шешесі баласына. —Менің аш жүрг...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1980 Өңір: Kazakhstan ATU СУС75

Қасқыр мен сиыр

Баяғыда бір аш қасқыр жортып келе жатып, көк шолақ сиырға кез болыпты. Қасқыр арық көк шолақ сиырға алдымен сәлем беріп, өзінің дүниені аралап, дос іздеп жүргенін айтыпты. Бастабында сиыр бұған сенбепті. Қасқыр тағы да сөзін сабақтай келіп: «Мен жасымнан ел аралап, қолымнан келген қылмыстың бәрін өткіздім, өзіңдей момы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 2002 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Нұрқасым Әбілұлы ATU СУС122В ATU ТМК962

Ақымақ қасқыр

Өрісте жайылып жүрген көп қойдың ішінен бір арық саулық қой жалғыз бөлініп қала беріпті. Қалың шидің арасынан бір қасқыр шыға келіп: —Е, жерік асым, қайдан жүрсің? Іздегенде мұндай кездестіре алмас едім, бұйырған дәмге сөз жоқ! Енді сені жеймін,— дейді. Қой: —Жейтін болсаң, ажалым жеткен екен. Бірақ өзің де мал танығыш...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU 122

Түлкінің трагедиясы

Жолбарыс пен арыстан өте тату достар екен. Көп өтпей олар балалап, қызмет бөлісіп, арыстан өз күшігі мен жолбарыстың күшігін бағып-қағатын, жолбарыс тауға шығып жем іздейтін болып келісіпті. Бір күні тауға шыққан жолында жолбарыс түлкіге ұшырасып қалыпты, түлкі оған: —Арыстан уәдеге опа қылмайтын, тым оңбаған екен. Ол...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Түлкінің өлімі

Бір күні күн қатты ысып, бір түлкі тау етегіндегі бір қарағайдың түбінде ұйықтап жатыпты. Осы кезде бір жолбарыс келіп, оны оятып: —Күні бойы ұйықтап бас алмай жата берсең, тұмсығың қызылға тие ме, онан да маған еріп жүр, солтүстіктегі жыныс орманға барып, жабайы сиыр ұстап жейік,—депті. Ойлана қалған түлкі: —Ол бір ал...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы ATU 117 ATU 119107 ATU 47D

Түлкі мен тасбақа

Ертеде сегіз бұғы ертелі-кеш бір көлден су ішіп жүреді екен. Сол көлде бір тасбақа бар екен де, оның төртеуін ол бұрынды- соңды жеп қойыпты. Сонан соң қалған төрт бұғы көлге келіп су ішуге қорқып жолай алмайтын болыпты. Бір күні бір түлкі олардың тілі аузына симай қаталап кеткенін көріп: —Неге көлге барып су ішпейсіңде...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Түлкі мен тауық

Ерте, ертеде бір тауық ескі дуалды мекендеп, балапан басып жүріпті. Бір күні дуалға шығып жүрсе көз көрім жерде жер иіскелеп қаншырдай жараған бір аш түлкі бұраң қағып, дуалға тура тартып келеді екен. Дереу оны көріп тауық өзінен де балапандарынан да қауіптеніп қатты абыржыпты. Бұл жыртқыштан қайтіп аман қалудың шарасы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1990 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Бадам Мұқаметкәрімұлы ATU СУС61А

Шал мен түлкі

Бұрынғы уақытта, бір қу түлкі болыпты. Бір шал қой айдап жүр еді, оған түлкі келіп: «мен сені өлтіремін»,—дейді. Шал: —Мені өлтірме,—дейді. —Қалағанымды бермесең өлтіремін,—дейді. —Менен қалаған нең бар?—дейді. Сонда түлкі айтты: —Маған ханның қызын алып бермесең, өлтіремін,— дейді.—Ертең ханның қызын әкеліп осы қой ай...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Түлкі мен түйе

Түлкі тоғайда түйені көріп, денесі ойқы-шойқы, олпы-солпы екен, бәлки, осыдан бірдеңе түсіп қалар деп алыстан аңдып жүреді. Бір күні түйе бір өзеннің арғы жағына өтеді. —Уа, түйе, су терең бе екен?—дейді түлкі. —Терең емес тізеден ғана. Тізеден ғана болса терең емес екен деп түйе жаққа өтбек болып түлкі суға түседі. Ба...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Түлкінің ойы

—Иттен қашып құтылудың қанша айласын білесің?—деп сұрады түлкіден. Сонда айтыпты: —Жүзден аса айласын білем. Бірақ ең жақсысы—ол пәлемен ұшыраспау.

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Түлкі мен ай

Аспандағы ай жарлы болып тұрушы еді. Мал дегенде өзінің бір ешкісі, бір бұзауы бар еді. Бір күні қасқыр Айдың жалғыз бұзауын сойып, түлкіні қонаққа шақырып алып, бұзауды жесіп, терісін жасырып қойысады. Сонан соң аспандағы Ай жоғалып кеткен бұзауын іздеп, даланы қыдырып жүріп, ешкісін үйіне кіргізіп, арқанменен мойнына...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1890 Өңір: Kazakhstan

Түлкі мен бөдененің жолдас болуы

Өткен кезде түлкі мен бөдене жолдас болыпты. Бірнеше күн өтеді. Түлкі бөденеге ештеңе деп айта алмай, қарыны ашады. Ол енді досы бөденені жегісі келіп, амал ойластырады. Бір күні бұтаның басында отырған бөденеге барып: —Е, бөдене-екем, сізбен жолдас болғалы біраз уақыт болды. Сізден де ұялып біттім. Сізге беретін қолым...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 223 ATU 56

Түлкі мен әтештің сырлары

Бір түлкі таң алдында тамақ іздеп жортып келе жатып, ағаш басында бұғып отырған әтешті көріп, жақындап келіп: —Ой, достым, намаз уақыты болды, түспейсің бе? Жамағат болып намаз оқиық,—дейді. Әтеш: —Жарайды, түсейін, ана имамды оята ғой, ағаш түбінде ұйықтап жатыр,—дегенде, түлкі итті көре сала жалт бұрылып қаша жөнелед...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Ғ.Елеусізов ATU 62 ATU СУС62.

Түлкі мен құмырша

Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыршасын сүтімен бір шөптің арасына қояды. Бұны түлкі көреді де, бұған жасырынып келіп, құмыршаның ішіне басын тығып, сүтті жалап ішіп қойды. Енді құмыршадан басын шығара алмай әлек болады. Түлкі олай жүгірді, бұлай жүгірді, басын бұлғады, сөйледі: «Ау, құмырша, ойнадың, жетер, мені ен...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: А.Алекторов ATU 68В ATU АА64 ATU СУС68В
Алдыңғы 248 / 254 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды