48. Ақсақ құлан, Жошы хан (І нұсқа) Жошы ханның ашамайға мінгізген жас баласы аңшылармен бірге жүріп, бір жерде қашып келе жатқан ақсақ құланды қуып кетіпті. Ақсақ құлан жосып жүйткіп бара жатқан бір топ құланға қосылыпты. Баланың астындағы еріккен тұлпар елігіп, құйрығын шаншып құйғытып құландарға қосылады. Құланның ә...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б.Адамбаев
Хан тағына отырған Аяз би бұрынғы қой бағып, жалшы болып жүргендегі қырық жамау шекпені мен дода-дода түлкі тымағын хан сарайының босағасына іліп қойған екен. Кемеліне келіп, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, қақырығы қарға түспей тұрған шағында тақта отырған Аяз би, басындағы алтын тәж, астындағы алтын тақ, үстінде...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1985
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Рүстемов
Жәнібек хан бір күні халықтың бір үлкен жиылысында сауал қылыпты: «Ең жаман адам кім? Ең жаман һәм ең жақсы жер қайсы? Ең жаман қандай шөп? Ең жаман қандай құс?» Халық көп кеңесіп, бәрін де шешті. Бірақ басқы сауалына жауап бере алмады. «Ең жақсы жер де, ең жаман жер де – базар. Базардан кісі бай да, құры да шығады. Ек...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Мөңкенің бала жігіт кезінде әкесі Бекарыс Жиделібайсын жеріндегі Аяз атты дана қарттан бата алып келуге жұмсайды. Мөңке қасына алты-жеті жолсерік ертіп, көп күн жүріп, сұрастыра-сұрастыра Аяз қарттың аулына келіп, шеттегі жұпынылау қараша үйден шығып тұрған ақсақалға сәлем беріп, іздеген үйін сұрайды. – Аязды қайтесің?...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қырық сан қырым, отыз сан Үрім, он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт, он сан ноғай бөлінгенде Орманбет би өліп, ноғайлы елі бір үріккен ала тайдан жау келіп қалған екен деп үрейленіп бүлініпті. Сол заманда Қобан, Қоғам және Майқы есімді ағайынды үш кісі болады. Майқы тоғыз ханды қолдан таққа отырғызған кісі екен. Бұхара...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Шыңғысты жиырма жеті жасында Шүршіт ортасында хан сайлап таққа отырғызғанда әр жұрттан билер жинап, көп ынтымағымен қойған екен. Сонда Майқы би арбасын жаяу кісілерге тартқызып барыпты. – Сендер төрт аяқты айуанға мініп келдіңдер, мына мен өмірімде айуан мініп көргенім жоқ, бәріңнен артығым осы, – деп Төбе би болған де...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: О.Иманбаев
Барс дейтін ханның қол астында бір балгер болады екен. Балгерге таңертең ылғи бал аштырады екен: «Балыңа не түссе, ашығын айт!» – деп. Бір күні балын ашып: «Сіздің осы қарауыңыздағы халықтан бір шұбар бала туады. Сол бала сенің басыңды алады», – депті. Хан сонда әмір еткен екен. Әрбір жүкті әйелдің тізімін алдырып, соғ...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1987
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж.Дүкенбаев
Бір Алтынбел деген хан болған. Ханның жалғыз ұлы бар еді, аты – Қайшылы хан. Сонан басқа баласы жоқ еді. Бір күндерде ханның қатыны құрсақты болды. Бір уақытта бір қыз бала келтірді: «Ай дейін десе, аузы бар, күн дейін десе, көзі бар». Ол қызды тапқан шешесі қызын көріп, көркінен талып қалды. «Сондай бір қыз келтірді»...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Ертеде бір ханның жалғыз қызы бар екен. Басқа ұл балалары жоқ екен. Осы қыз да болса ұлдай көріп жүрген жалғыз қызы бір күндері буаз болып қалыпты. Хан мұны біліп қызын өлтірмек болады. Қыздың шешесі аналық рақымы түсіп, зарлап жылап қызын өлтірмеуін сұрайды. Хан әйелінің сөзін тастай алмай, ақырында қызды тірідей санд...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1962
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.Наурызбаев
Ертеде найман тайпасын Қайып деген хан билепті. Ханның Күнсұлу атты қызы болған. Сүйікті де жалғыз қызын хан өзеннің ортасына салынған жүзбелі ағаш үйде, елден жұрттан аулақ ұстаған. Қасында қырық кәнизегі бар. Мерзімді уақытта азық-түлік пен керек-жарақты әтектер жеткізіп тұрады. Ағаш үй төрт бұрышынан темір ілгекпен...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1969
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ.Алтынбаев
ХІІ ғасырдың басы шамасында Аюша деген қалмақтың ханының баласы болыпты. Татар-моңғол деген хан өлген соң әйелі бек көркем кісі екен. Бір күндерде қасынан сәуле секілді бір зат қалмайды. Бара-бара бір жақта болады. Ақырында сол әйел жүкті болып, туған баланың атын Шыңғыс қояды. Екінші мағлұматта туғанда Шыңғыс деп дыбы...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1933
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: С.Ғайниддинұлы
Есабыздың жасы Оқшыдан кіші екен. Оның әулиелер, әруақтармен тілдесетін қасиеті болған көрінеді. Бір күні Оқшы ата Есабызға аян береді: «Пәниліктен бақилыққа өткенде менің қасыма кел, қатар жатамыз», – дейді. Есабыз айтады: «Сіз сұсты адамсыз, менің иім жұмсақ, тілек тілеп келгендердің көңілін жықпаймын, осы ретте қата...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Оқшы ата жас кезінде жетім қалып, ел жағалап, қыпшақ ішіне келіп, жалғыз қызы бар кемпір-шалға өкіл бала болады. Ер жеткенде егін егіп, диқаншылық кәсіппен айналысып, әлгі кісілерді өзі асырайды. Жас жігіт еңбекшіл ғана емес, Құдай бойына қасиет берген дарынды азамат болып өседі. Оның кірпігінің қалыңдығы сондай – көзі...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Түркістан шаһарында ғұлама Қожа Ахметтен дәріс алған көп шәкіртінің бірі – Шопан ата еді. Бірде ұстазы шәкірттерін сынау ниетімен медресе жанына жинапты. Қолындағы асасын басынан бірнеше қайтара айналдырады да, лақтырып жібереді. Ол сонан соң: – Ал, шәкірттерім, асаны қайсысың бірінші тауып әкелесіңдер, – дегенде, шәкі...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Зеңгі баба сиыр ішіндегі бұзаудың түр-түсін нақтап айтатын, жаңылмай табатын көріпкел, әулие болыпты. Оның өмірлік қосағы Әнуар ананың да іштегі бұзаудың қаңдай екенін ажырата алатын сыншылық қасиеті бар екен. Бірде зайыбы ерінен: – Мен сіздің әулиелік ісіңізге ортақпын ба? Сауапқа серікпін бе? – деп сұрапты. Зеңгі оға...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Ата-анасының Зеңгі бабаға азан шақырып қойған аты – Айқожа екен. Тумысынан қап-қара кісі болған соң халық оны Зеңгі ата деп атап кетіпті. Оның төрт атасын білмеген жан тәкбірге күмәндар болады. Яғни ол адам тәкбір айтуды дұрыс білмейді деп есептеледі. Зеңгінің әкесі – Тасқожа, атасы – Мәлекқожа, бабасы – Мансұрқожа (Ма...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Хакім Атаның анық есімі – Сүлеймен. Балалық шағында мектепке бара жатқанда басқа балалар сияқты Құранды мойнына аспай, қолымен астынан ұстап, құрметпен алып жүретін. Мектептен шыққанда да бетін мектепке қарай, артын үйге қарай беріп қайтатын. Бір күні Қожа Ахмет Ясауи мешіт табалдырығында отырған кезде оны көреді, әлгі...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Хакім Ата қара торы, ал Әнуар ана болса аппақ және сұлу болатын. Бір күні Хакім Ата жуынып жатқан кезде, Әнуар Ана төсекке жатады. Оған қарап жатып, кезінде Боғра ханның қызы болып, енді мынау қара адамға үйленгенін ойлап кетеді. Хакім Ата бұл ойын түсініп қояды. «Сен мені ұнатпайсың, бірақ менен кейін тісінен басқа ақ...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қожа Ахмет өлер алдында отбасына, туыстарына: «Мен пәлен уақытта дүние саламын. Мені оң жаққа қойғаннан кейін денем суымай тұрғанда, бір қара бура мінген кісі келіп, мені мәңгі жататын орныма ақ жуып, арулап қояды. Мені алып бара жатқанда «Қайда алып барасыз?» деп оның қолын қақпаңдар!» – деп ескертіпті. Айтқандай-ақ Қ...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: А.Тұрғанбаев
Сури халқы қаншама таяқ жегендеріне қарамастан, Қожамен жауласуын қоймайды. Қожаның Ибраһим деген бір ұлы және бір тамаша аты болады. Бір күні оның: «Кімде-кім ұлымның өлім хабарын естіртсе, соған атымды беремін», – деген сөзі Сури халқының құлағына жетеді. Күндердің бір күнінде Шаһзада Ибраһимді бір ағаштың түбінде ұй...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан