Сөйлейiн бiразырақ өткендерден, Қазақтар Сыр бойында жүрген едi. Қазақтан жиырма бір батыр шығып, Хан көтердi Абылайды. Абылай билеп тұрды дәл сол кезде, Жауынгер болды қазақ көрер көзге. Алмаққа Сарыарқаны даярланып, Қырық батыр сол уақта жаһан кездi. Соғысқа даярланды хан Абылай, Қалмақтар Сарыарқаны бере ме жай? Абы...
Genre: Тарихи жыр
Region: Қазақстан
Collector: С.Мусин
Халық ақыны хат жазуға қалам алған, Ешкiмнен өтпей тұрмас мына жалған. Орта жүзде Сүйiндiк ұранды ел, Олжабай қатарында батыр болған. Мәшһүр Жүсiп жазыпты кiтабына, Үшбу сөз тарих болып бiзге қалған. Сақау ақын белгiлi асқан жырау Мазмұнын көрiп тұрып өлең қылған. Халықтың қатарласқан заманында Тағылым алып сөйлейiн ме...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1939
Region: Қазақстан
Collector: Е.Құлсариев
Жидебай батыр – орта жүз, арғын. Хан Абылайдың тұсында шыққан. Мейрамның Қарқабат дейтін қатынынан туады. Болатқожадан Түйте туған. Ақшадан Бошан туған. Түйтеден Тымырсық пен Сары туған. Мұнан Танас пен Майқы туған. Танас төрт болыс ел. Майқы екі болыс ел. Тұрағы – Қарғалы. Майқыдан Әлтеке, Сарым туған. Әлтекенің Дос д...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1927
Region: Қазақстан
Жасыбай кәпірлерге салды ойран, Топалаң жаман болды тиген қойдан. Болыпты соғысқалы үш ай, он күн Талықсып адасыпты ақыл ойдан. Сол күнде адасыпты ақыл, ойдан, Қуаты жас баланың кетті бойдан. Нешелік неше мың сан болса дағы Жандыдан түк қалдырмай бәрін қырған. Бітірді жапандағы шыққан жанды Ағызып Ніл дария қызыл қанды...
Genre: Тарихи жыр
Region: Қазақстан
Жақсы ат пен арқалы атан бас сүйегі, Елімнің аялауы емес тегін. Ат-жалы, атан-қомы, ержігітпен Үшеуі арқалаған өмір жүгін. Салтымыз бабалардан қалған әдет, Биікке шығарамыз күні бүгін. (Жағабай қарттың өлеңінен). І Қырық алтыншы жылдың күзінде, Азаттық күрес кезінде, Құбылып тұрған қоңыр кеш Әлі күнге есімде. Ауылдан к...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1991
Region: Қазақстан
Collector: Р.Ғарифоллин
Кім білмес наймандағы Боранбайды, Бес байыс боранбайлап ұрандайды. Қазақтың ұран шықса қаны қызып, Ер жігіт өз үйінде тұра алмайды. Үш жүзге байлықпенен аты шыққан, Естиміз асқан бай деп Бұланбайды. Бұлардың ата-тегі туысы бір, Кейбіреу нақ айтпаса біле алмайды. Байыстың елге әйгілі бес баласы, Үлкені Сарымырза – ер да...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1986
Region: Қазақстан
Collector: Б.Садықанұлы
Аз-көптік, барлық-жоқтық бір Құдайдан, Жақсыға құрмет етсек осындайдан. Қазақта бұдан бұрын болып өткен, Сөйлейін Қаракерей Қабанбайдан. Атамыз әуел бастан адам өткен, Таралып ер Әділден талай өткен. Қазақтың бұрынғы өткен заманында Дейтұғын ер Қабанбай сабаз өткен. Дейтұғын ер Қабанбай сабаз өтті, Ауызынан қайтармайты...
Genre: Тарихи жыр
Region: Қазақстан
Қолыма хат жазайын қалам алып, Бұзылды жылдан жылға заман азып. Аз ғана Қабанбайдан сөз қозғалық, Тыңдасаң жамағаттар құлақ салып. Аз ғана сөз қозғалық Қабанбайдан, Адамзат ата-анасыз туар қайдан. Орыстың мына заман заманы деп, Болыпты түгел бодан тамам найман. Шұбарым, арғымағым дүлді аламын, Басынан Арқауылдың күн ша...
Genre: Тарихи жыр
Region: Қазақстан
Тұлпарым, арғымағым, жүлде алғаным, Басынан Арқаулының* күн шалғаным. Аузыма “ә” дегенде тола түскен, Қабанбай, Кенесары ел қорғаным. Қабекең артық туған есіл ерім, Олжаға қарық қылған ерген елін. Бір күні батыр Қабан жаусырады, Жидырды хабар беріп тамам елін. Атады үлкен мерген арқар, құлжа, Жігіттер атқа түйе тегін о...
Genre: Тарихи жыр
Region: Қазақстан
Арыңдап сөйле қызыл тіл, Бөгеліп, тоқтап қамалмай. Нөсердей төгіп желдеші, Арқадан соққан самалдай. Білімі көптің көбейді, Білмей қоймас бағаңды-ай. Қалмақ пенен қазақ жау бопты, Бұрынғы өткен заманда-ай. Дұшпаннан халқын қорғаған Қаракерей Қабанбай. Қабанбайдан жеңіліп, Таппапты-ай қалмақ амалды-ай. Батыр болып туыпты...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1976
Region: Қазақстан
Collector: М.Шафиғи
Бір қисса сөз бастайын Қабанбайдан, Шын батыр болмаса сөз шығар қайдан. Соғысқан қазақ, қалмақ заманында Ерлігі жұртқа мәлім жарық айдан. Найманның бір руы – қара керей, Таралып халық болып қанат жайған. Руы Қабанбайдың байжігіт еді, Бақ қонған Қыдыр дарып осы жайдан. Қабекең талай жаудың тасын шаққан, Тұсында ер болды...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1976
Region: Қазақстан
Collector: Т.Мағзиев
Азырақ сөз сөйлейін Қабанбайдан, Адамзат ата-анасыз туар қайдан. Кәпірдің кешегі өткен заманында, Орысқа қарап еді түгел найман. Шабарым, арғымағым, дүлде алғаным, Басынан Арқа ауылдың күн шалғанда. Жиылса арғын, найман, өңкей қазақ, Сөз еді ер Қабанбай ұйғарғаным. Кей жаман қамалады сөз таба алмай, Кей жаман жан сақта...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1947
Region: Қазақстан
Collector: Ш.Кәрібаев
Базардан боқша-боқша бөз келеді, Атқан оқ ажалдыға кез болады. Жамағат, құлақ салып сөз тыңдасаң, Азырақ Қабанбайдан сөз келеді. Шұбарым, арғымағым, жүлде алғаным, Арқа ауыл үлкен бауда күн шалғаным. Аузыма “а” дегенде тола түсіп, Сөзіне ер Қабанбай ұйғарғаным. Болғанда арғын, найман арысыңды, Қабекең алып берген намыс...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1946
Region: Қазақстан
Collector: Б.Құрманғазы
Әуелі сөз сөйлеймін Қабанбайдан, Атасыз адам пенде туар қайдан. Қайырдың мына заман заманы боп, Ұлысқа бодан болған арғын, найман. Шабарым, арғымағым, жүлде алғаным, Жолынан Арқа ауылдың күн шалғаным. Жиылса арғын, найман өңкей маңғаз, Сөз екен ер Қабанбай ұйғарғаны. Кей жаман аңырады сөз таба алмай, Шын жаман жан сақт...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1935
Region: Қазақстан
Бісмілла сөз бастайын Қабанбайдан, Атасыз адам пенде туар қайдан?! Үш жүзге ұран болған ер Қабанбай, Шақырған әруағын бүкіл найман. Өтіпті сахабалар иманы көп, Кең сарай имандығы болады деп. Ер екен артық өткен шарапатлы, Сиынар білген адам «Қабанбай» деп. Ерлігі Қабанбайдың жаннан өткен, Сол кезде қырғыз екен кегі кет...
Genre: Тарихи жыр
Region: Қазақстан
Сөйлейін бір хикая өткендерден, Артында аты қалған батыр ерден . Дерегім дәлелдейін тіл мен құлақ, Мен емес шежіре оқып көзбен көрген. Болмасын тағы менде мақтау-боқтау, Тек қана істеп кеткен істен тоқтау. Аяңды жақсы үйренбей жорға болу, Әуелі, атқа да ұят шоқырақтау. Естіген талай сөзді кәрі құлақ, Қылмайма естіген с...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1946
Region: Қазақстан
Collector: Б.Жақыпбаев
Өтіпті біздің қазақ жақсы жайдан, Естіген тамаша етіп, қалар қайран. Қазақтың құба қалмақ заманында Сөйлейін қанжығалы Бөгенбайдан. Өтіпті қанжығалы қарт Бөгенбай, Мекені көшіп-қонған Шет қурайда-ай. Қазақ пен қалмақ атыс қылған кезде, Әкесі аруақ қонған ер Маянбай. Ерлікпен Бөгенбай да тартыпты күй, Сол күнде қанжығал...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1927
Region: Қазақстан
Collector: С.Аманжолов
Ал бір қисса бастайын, Құлағың сал, көпшілік. Мергенше атып тастайын, Тұрса тілден оқ шығып. Босқа алып қашпайын, Асау аттай осқырып. Тізгінді мықты ұстайын, Тыңдаушымды қош қылып. Ескі емес тым арғы, Екі жүз жыл шамасы. Өткен екен сандарлы, Қазақтың бір баласы. Өзі ханның ұлы екен, Әкесін жау өлтірген. Өмірі бір жыр е...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1991
Region: Қытай (ҚХР)
Collector: Ә.Нәбиұлы
Атанған әділ болған әз Тәуке хан, Қырғызды қосып сұрап қазақпенен. Еліне әділетті хан болыпты Ешбір жан ренжімей өз халқынан. Болыпты әз Тәукенің үш баласы, Үлкені Әбілмәмбет төре ағасы. Кішісін Әбілқайыр деп атапты, Болыпты Сәмеке хан ортаншысы. Әз Тәуке өлгеннен соң ел бөлінді, Бұрығы үш жүзіне үш бөлінді. Әбілқайыр...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1946
Region: Қазақстан
Уағында бақыты асқан Олжабайдың, Бақытын ашқан екен бiр құдайым. Орта жүздiң ордасы сол уақытта, Хан болған орта жүзге Абылайың. Олжабай мен Абылай арасында Бiр уақиға болыпты, тағы айтайын. Абылай хан болыпты заманында, Естiген бiлген есен-аманында. Хан болып орта жүзге тұтқа болып, Көндiрген, қалай айтса, амалына. Ал...
Genre: Тарихи жыр
Region: Қазақстан