Жер, табиғат құбылыстары
Күлің, күлің, күлің ат, Күліп өтті, көрдің бе? Көлеңкесін көрсетпей Жүріп өтті, көрдің бе? (Өзен)
Іздеу интерфейсі
Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі
Күлің, күлің, күлің ат, Күліп өтті, көрдің бе? Көлеңкесін көрсетпей Жүріп өтті, көрдің бе? (Өзен)
Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ, Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ. Тоқтамай қысы-жазы кезе берер, Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ. (Өзен)
Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым. (Тау)
Өркешіне мұз артқан, Шудасынан су аққан, Мынау неткен қара нар, Күншіліктен мұратқан? (Тау)
Үлкен, үлкен түйені Тастапты атам шөгеріп. Өркеші бұлтқа тиеді, Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)
Ұзын кілемім бар, Көтеріп ала алмаймын. Ұзын арқаным бар, Оны жиып ала алмаймын. (Жер мен жол)
Қолына қалам алды Әбзейіт ақын, Жазбақ боп батырлардың хикаятын. Артымда өзім өлсем, сөзім қалсын, Аппақ боп қартайдым ғой, уақыт жақын. Кетемін қалам алсам қызыңқырап, Тастаймын қол тигенде жазыңқырап. Баяғы жастық өнер қайда кеткен, Кәрілік әр нәрседен қылды жырақ. Ақсақал, қаламыңды қолыңа алшы, Азырақ өлең жазып кө...
Екі ғасыр бұрынғы Сонау атам заманда, Екі басты аждаһа Аранын ашып адамға, Айбат шегіп ысқырып, Зәрін шашқан заманда Қоңырауы шіркеудің Араласып азанға, – Кіші жүздің адамы Азан-қазан заманда Тарихтың жаңа жалауы Желбіреді далаңда. Хан мен қара айқасып, Белдесетін алаңда. Кіші жүздің ханы Нұралы Болып туған мұрады, Көң...
Ертеде Тұраналы ұғлы Бапан дейтін жас би қанжығалы Үмбетей жырауға кеп сәлем беріпті дейді. Тілеу ұғлы Үмбетейдің шау тартқан кезі болса керек. Қаршадайынан жайсаң өскен Бапан қария жыраудың көңіл- күйін бірден таниды: – Уа, ата, ұзақ жасап, көпті көрдіңіз. Менің ұлы атам қарт Бөгембай батырдың серігі, Абылай ханның жы...
Бұрынғы өткен заманда қазақ, қалмақ жау болып,жер таласы болып, соғыс үлкен болған заманда, жаушылық қатты болғанда, Түркістаннан бір бала қаша шығып, Керейге келіп, сіңіп, Шанышқылы деген елге келіп, сіңген екен. «Атым – Арық мерген», - деп, бір байға бала болып, малын бағып жүріпті. Бір өзенге бұғы, марал көп келеді...
Бұрынғы өткен заманда, Қарсы шапқан қамалға Базар атты батыр ед, Жол көрсеткен наданға, Бұрылмаған арамға. Жұрт аузында қалсын деп, Жақсылық жағын оқумен Халқым үлгі алсын деп, Жабыстым мен де қаламға. Ер егессе ел бермес, Шабысатын табанда. Арыстандай алысып, Өміріменен жарысып, Намысына қарысып, Егессе ел бермеген Ме...
Салтанатты Алтайдың Қарағайы шыршасы, Қайың, терек, мойылдың Жапырағы сыбдырлап, Балапандап басына, Ұзақ қарға шуылдап. Бөденесі бытпылдық, Бозторғайы шырылдап. Гүлді өсімдік түрленіп, Күн шалып басын, жымыңдап, Қаз-үйрегі қаңқылдап, Көлі жатыр жалтырап. Тауға біткен ағаштар Қатты желге қалтырап. Көлден аққан балығы Бү...
Халық аузынан әңгіме. Қариялардан естіген әңгіме. Қазақ арасында қазақты билеген хан тұқымы, ақсүйек сұлтан шонжарларының басы бірікпеген. Алауыздығынан қазақ халқы Жоңғар қалмағынан адам айтқысыз зілді соққы көріп, неше мыңдаған адам қырылып, тұтқынға алынып, “Ақтабан шұбырындыға” ұшырапты. Бұдан кейін ақсүйек сұлтан...
Қолыма қалам алайын, Ақ қағаздың бетіне Қарадан сия жағайын. Жазайын деп ойлансам, Сөзге толық сарайым. Бір нұсқа артта қалуға Келтірген шығар орайын. Ер Барақты жыр етіп Жазуға тұрмын мұғайым. Қатесі болса сөзімнің, Кешірерсіз, ағайын. Құлақ салсаң, жігіттер, Ер Барақтың сөзінен Азырақ қозғап қарайын. Бұрынғы өткен за...
Қолыма қалам алдым тербеткелi, Бұл өзi бұрынғының өрнектерi. Осындай үлгi сөздi әңгiме ғып, Ермектеп жүрушi едiм ер жеткелi. Ұлы жүз – арғы нәсiлiм, үйсiн – елiм, Төрт дулат атанады ата-тегiм. Дулаттың iшiндегi Ботпайымыз, Көлемi Алматының – өскен жерiм. Нұрлыбай – әкем аты, атым – Әшiм Затыңды қалай қылып жасырасың? Б...
Жазайын бісмілла деп қисса бастап, Керейдің әруақты ерін мақтап. Жасымнан үлкендерден көп естіген, Бұл өзі хикая еді жазса жасқы-ақ. Жәнтекей сүйіндіктен алды тарар, Алтыдан туған сары ру болар. Сарыдан Бақдәулет, Бердәулет боп, Бердәулеттен туған бір батыр ұл бар. Дейді екен оның атын ер Жәнібек, Бұл жайлы кеңес жазды...
Біздің қазақ халқы бұрын қалмақ, қырғыз, өзбек болып, төрт ұлтқа бөлініп, бірін-бірі әлі келгенін шауып алып, білегінің күші, найзасының ұшымен бірін-бірі езіп-жаншып жүрген еді. Содан қалмақты жаулап, қазақ жерінен қытай жеріне аударды. Содан қазақ бірбеткей болып, қазақ ішінде ұлы жүздің баласы қырғызбен өте жауласып...
Домбыра екі шекті қолға алайын, Азырақ әнге салып толғанайын. Білгенді, естігенді баянды етіп, Ерлерден ертеде өткен сөз қозғайын. Ертеде, ерте өткен бұрындағы, Көз жетпес нысансыз Қырымдағы Ақындар талай-талай өлең еткен Біздерден көп жыл өткен бұрындағы. Өтіпті Асан қайғы, Бұқар жырау. Олардың айтқанына кімде дау бар...
Бішкек қаласында қырғыздар мен қазақтардың үлкен тобы бас қосыпты. Сол топта бір күні қырғыз манабы Шабден мен қазақ биі Ноғайбай сөз таластырып қалыпты. Соның ертеңіне Шабден: «Ноғайбай қазақтармен түстеніп кетсін» деп кісі жіберіпті. Шабден ақ үйлерді тіккізіп тастап, Бішкектің арғы сыртындағы Төтелдеш деген жерде жа...
Райымбегім, асылым, Жауар күндей күркіреп, Жауына түскен жасыным. Қысылған кейбір шақтарда, Құтқарған елін, асылым. Шұғыла шашып жанына, Түсірген алысқа жарығын. Жаның міне, жай тапты, Бақыл болғын, асылым. Атадан асып туып ең, Атаның жолын қуып ең, Қасарысқан жауыңа, Қанменен кегіңді жуып ең. Бала жасыңнан шыңдалып, Е...
Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.
Мақалалар
Мақалалар, зерттеу нәтижелері
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды