Көп сона келе жатты сапар етіп, Артынан бір инелік келді жетіп. Тоқта деп бәрің бірдей айқай салды, Жемекке батырыңның көңілі кетіп. Соналар қатты қорқып жылады зар, Құтқарар бұл бәледен иә біреу бар. Біле алмай не қыларын тұрғанында, Бір түрлі болды сонда тамашалар. Кез болды сол мезгілде бір аш торғай, Жүр екен көпте...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1920
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Болыпты бұрынғыда бір үлкен бай, Дүниеде мұқтажы жоқ көңілі жай. Бар екен бір өзін де бес жүз сиыр, Көп екен жылқы, түйе онан да сай. Бай екен бір талайдан мұның өзі, Жұтылып дүниеге жүрген көзі. Ішінде көп сиырдан түрі бөлек, Бар екен еркін өскен төрт өгізі. Төрт өгіз басын қосып кеңесіпті, Өздерін аспан, көкке теңесі...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1943
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Жантөбетов Жақсыбай
ATU ТМJ512
Қозы мен құлын жарысатын болып келісіпті. Жарысатын жері ұзақ жер екен, даяшылар оларды бір төбенің басынан тосып алатын болыпты. Жарыс басталып, а дегенде құлын озып кетеді. Біраз жер жүгірген құлын артына қараса, қозы көрінбей қалған. Сонымен, ол өз-өзіне марсиып, «Маған қозы өлсе де жете алмайды, босқа жүгіргенше де...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1999
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Серпін Сымайылұлы
Өткен заманның заманында торғай мен бұлбұл дос болыпты. Күндердің күнінде бұл екеуі бір-біріне туған мекендерін көрсету үшін қонақ шақырысатын болыпты. Алдыңғы кезекті бұлбұл алып, торғайды әнімен қарық қылып орман-тоғайдың ішімен бір жеміс бағына әкеліпті. Бұл кезде бұлбұлдың жағымды әні онан ары сорғалай түсіпті. Кеу...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 2002
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ісләм Нұрсолұлы
Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты. —Мен жеймін мұны, мен бұрын көрдім,—депті бірі. —Мен жеймін, мен бұрын келгенмін бұл жерге,—депті екіншісі. Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп сартылдата кеп мүйіздесе сүзісіпті. Аздан соң тіпті қызық болыпты. Бұғының мүйізін біл...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1964
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Н.Төреқұлов
ATU 202
Қырғи мен бөктергі ойда жоқ жерде кездесе кетеді. Екі дос өткен—кеткенді әңгімелеп, кездесу құрметіне кеш өткізуді ұйғарады. Кештің керегіне әзірлеу үшін жиырма торғай ұстап әкелуге келіседі. Жиырма торғайдың жартысын ұстауды қырғи міндетіне алады, қалған он торғай бөктергінің үлесіне тиеді. Қырғи көп кешікпей 10 торға...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1964
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Н.Төреқұлов
Құламерген айдалада, жапан түзде аң аулап, сейіл құрады екен. Оның баласы Жоямерген әкесінің таяғын ұстап жастай- ақ аңсақ болған екен. Ол түрлі құстарға тор, тұзақ құрып ұстап алады екен. Бір күні құрып қойған торына кішкене шымшық оралып қалыпты. Ол сорлы тордан шыға алмайды, оралып жата береді, бір мезгілде оның қас...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Ерте, ерте, ертеде жәндіктер өздерін-өздері мансапқа қойыпты. Сона—хан, бөгелек—уәзір, шіркей—жасауыл сайланыпты. Күндердің күнінде ызылдап ұшқан бөгелек өрісте жайылып жүрген жылқыны, сиырды, есекті кездестіреді. Қараса жылқыға жал, сиырға жая, есекке қоң біткен. Бөгелекті мүлде әкім екен деп танымайды. Бұған қаны қай...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Ну орманды мекендеп, бірімен-бірі сыбайлас боп қатар жүрген піл мен маймыл бір күні өз бойларындағы артықшылықтарын айтысып отырып, дауласып қалыпты. —Менің бойым таудай. Күшім де көп,—деп мақтаныпты піл.—Ашулансам бар ғой, қандай жуан ағашты болса да тамырымен қопарып тастаймын. Ондай қайрат сенде жоқ!.. —Ал мен ептім...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Бұрынғы заманда асқар таулы, нулы орманды өңірде піл мен тышқан көрші әрі тату-тәтті дос болып өтіпті. Бірақ достықтары көп ұзамай бұзыла бастапты. Піл өзінің алып тұлғасына қарап, кішкентай тышқанды алымсынбайтын болыпты, тіпті онымен бірге жүруді ар көріпті. Пілдің бұл ниетін білген тышқан «Орайын тауып сазайыңды бір...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 2002
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Әбділ Тәуекелұлы
Ертегі заманда екі қаз су таба алмай жүріп, ыстық шілденің күнінде бір көлшікке келіп қонады. Ол көлшікті көптен бері мекен етіп жүрген бір бақа бар еді. Екі қазды қорқылдап жолатпай, көлшігін қызғанып, екі қазға су ішкізбеді. Екі қаз жалынды. Жалынса да бақа: —Бұл азғана көлшік құрып таусылады, сіздер ұшып кетесіздер,...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1945
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ж.Жантөбетов
Бір таудың шағыл тасты бөктеріндегі арса-арса жартастың қуысын қара қарға мекендепті. Одан жоғары көгалды жерді ұлар жайлапты. Бұлар көрші болған соң, көпке дейін бір-біріне барыс-келіс жасап жүріпті. Екеуі ұзақ- ұзақ әңгімелеседі екен. Содан соң сөзден-сөз туындап, бір күні екеуі өз артықшылықтарын айтып, мақтана баст...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Қалың орманда қақ жарып аққан өзеннің жағасында ауыл отырады екен. Ауылда бір аңқау кемпір бар. Ол күнде ірімшік қайнатып үйінің төбесіне жайып қояды, кешке аларда азайып қалады. Кемпір оны күн көзінен құрысқан ғой деп жүре береді. Шынында, бұл ірімшікті ұрлайтын орманға ұя салған ала қарға екен. Ол кемпірдің аңқаулығы...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
ATU 57
Бұрынғы күнде бір қотыр торғай болыпты. Қотыр торғай шеңгелге қоныпты. Шеңгел қотырын жұлып алыпты. Торғай: —Қап, сені ешкіге айтармын,—депті. Ешкі дегенін істемесе: «Қап, сені қасқырға айтармын»,—депті. Қасқырға айтса: «Өзім күшіктей алмай жатырмын»,—депті. Торғай: —«Қап, сені байдың жылқышысына айтам»,—депті. Байдың...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1920
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
ATU 2022
Бір саятшы тор құрып, аң мен құс ұстап күн көреді екен. Бір күні құрып қойған торына бармақтай ғана торғай түсіп қалыпты. Саятшы торғайды тордан босатып алады да, уысына қыса ұстап, үйіне қайтады. Жолда келе жатқанда торғай адамға жалынады: —Мен бармақтай ғана торғаймын, аузың толып асайтын етім жоқ. Союға жарамаймын,...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Бұрынғы өткен заманда гүл-бәйшешегі жайқалған жалпақ бір аңғарда таңдайынан күй төгілген әнші бұлбұл болыпты. Өз тұқымының ішінде одан асқан әнші болмапты. Жалпақ аңғардағы орманда, ағаштан ағашқа қонып, күні-түні тыным таппай, сайрайды да жүреді екен. Мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Ілгері кезде бірнеше көк кептер, ішінде патшасымен бір жерде мекен қылып жатыпты. Күндерде бір күн араларынан бір топ кептерлер бір жаққа жолаушы барып келіп, мұндағы кептерлерге көрісіп, есендік сұрасып болғаннан кейін, барып келген жерлерінен хабар айтып, сөз арасында айтыпты: —Бір керуен сарай бар екен, сол сарайдағ...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1936
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә.Марғұлан
ATU 233В
ATU АКТ155
ATU АТ242.
ATU ТМВ241.2.5.
Бұрынғы өткен заманда, ну жыныс қалың орманда бір шошқа мекен етіп тұрыпты. Оның қорек қылатын ағашы емен екен. Еменнің бүршіктеріне жеміс шығады, ол шошқаның атасының асы, ең сүйіп жейтін тамағы болады Шошқа әбден семіреді, тегін тамақ мол болғандықтан ашаршылықты көрмейді. Тамаққа тойып, емен түбінде күн шуақта жата...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU СУС219
Ніл дариясындағы пәлен мың жасаған бір жайын Сүлеймен пайғамбардың ат басындай гауһарын жұтқан екен. Сол жайынға бір кездерде ажал уақыты жетіпті. Ол өте есті жайын екен, мендегі гауһар кісі ақысы еді, соны ақыретке арқаламай беріп кетуім керек. Ол үшін қайранға шығып өлейін. Бір кездерде жемтік арасындағы гауһарды бір...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Шаймерден Торайғыров
ATU 252А
Ертек-ертек ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен. Қырғауыл жүні қызыл екен, Құйрығының жүні ұзын екен. Мұзға тайып жығылып, Жанбасын сындырған екен. (Сол уақытта құдай тағала) сонда мұздан сұрапты: —Мұз-мұз, сен неден күшті болдың? —Мен күшті болсам, күн көзі жарқырап шыққаннан құрымас едім. —Күн-күн, сен неден күшті болдың...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
ATU 2251.
ATU Z242