Жапанға қонса бүркіт алып жемін, Мақтанып жол бермейді сөйлеп еркін. Семірген ертегінің есегіндей, Өзінің ұмытар өткен күнін. Есектің қалай десең жайы мынау, Бір адам жүреді екен етіп ылау. Дамылсыз ертелі-кеш мінгеннен соң, Әбден-ақ жалы кетіп болған бұрау. Үстіне жүк артқан соң мініп ауыр, Арқасы неше жерден болған ж...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ж. Жақыпұлы
Бір шортан жүзіп судың тереңінде, Мысықтың болды құмар өнеріне. «Мені де қалдырма» деп қырға шықсаң, Мысыққа жалынады келеді де. «Ұстасып саған тышқан сүзектерден, Болайын һәр дайында көмегіңде». Қой деді мысық айтты қырға шықпа, Жетеді суда балық керегіңе. Біле алмай іс мәнісін қор боларсың, Көнеді әр қызмет шеберіне....
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Пәс тұтып, мазақ қылма ешбір жанды, Кейітпе, келсе қолдан, мұсылманды. Еркі бар не қылса да жаратқанның, Босатса құдіретімен қысылғанды. Адамзат бірде әзіз, бір демде қар, Пенденің бұл ортада не еркі бар. Пәс тұтпас өзін білген ешбір жанды, Зіл депті әзіл түбі бұрынғылар. Әзілді көп қылады біздің қазақ, Жан көрсе жуасы...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1957
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ж. Жақыпұлы
Бір аю дос болыпты бір адаммен, Жеңіліп бірін-бірі ұнағаннан. «Адам мен аюдайын болмадық» деп, Сыртынан көрген адам қылады арман. Адамның аю құшу-ақ аманына, Ешбір сөз келтірмейді қиялына. «Адамның маңдайына кірген тікен Өзімнің кірсе дейді табаныма». Өштесі осы адамның өштесім деп, Жанымен қағады екен өкпесін кеп. Бет...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1972
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Т. Бекхожина
Түсірген тәкәппарлық торға құсты, Пейілінен адам табар қылған істі. Мерт болған менменсінген өзін білмей, Өзіне-өзі шапқан жолбарысты. Жолбарыс патшасы еді бір тоғайдың, Қасқыр мен түлкі, қарсақ бір қарайдың, Көзіне көрінгеннің бәрін жұтып, Зәресін алған еді бірталайдың. Зәһәрі бір тоғайға қатты батты, Аңдарды неше түр...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1972
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Т. Бекхожина
ATU 1168А
ATU 1336
ATU 1383
Сықақтап күлмегейсің нашарларға, Қортитып жәбір берме нашарларға. Төмпешік аңғармаған арба аударар, Осындай бар-ды мақал қашаннан да. Күшіңе сенбегейсің кеудеңдегі, Ол маған демегейсің тең келмейді. Тыңдаңыз ұшыраған оқиғасын, Арыстан өз күшіне сенгендегі. Арыстан патшасы тамам аңның, Тамам аң ну орманға қарағанның Аю...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Қазақстан
Бар екен бір қу түлкі жұртты құртқан, Жейді екен сүйек-саяқ ескі жұрттан. Бір жылы тышқан жоқ боп ашығыпты, Тышқан ауып кетіпті бүкіл сырттан. Түлкінің тышқан келмей мәні болмас, Жесе де сүйек-саяқ қарны тоймас. Жемтігін қалған-құтқан мен жейін деп, Қасқырға іздеп келіп болды жолдас. Қасқыр: «Ей, түлкі, сен тоясың маға...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: И. Өкпенов
ATU 20А
Бір есекке дос болыпты бір бөрі, Айтуға бұл тарихты келді жөні, Әр нәрсе өз шамасын білген жақсы, Білмесе босқа кетер арам тері. Ол есек дос болыпты бөріменен, Білмейтін дос қадірін серіменен. Қасқырмен ажал айдап дос болыпты, Өзінің жүре бермей теңіменен. Достыққа жүрді біраз жөніменен, Алдаған ашқарақтың ебіменен. Қа...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1941
Өңір: Kazakhstan
Бір қасқыр жапан дүзде кезіп жүрді, Көрінген адамзаттан безіп жүрді. Жұртына бір ауылдың тіміскілеп Жүр екен бір ақ күшік көзі көрді. Қасекең ақ күшікке келіп жетті, Табылды іздеп жүрген жемім депті. Көрді де қасекеңді әлгі ақ күшік Еркелеп тыраң етіп жата кетті. Қалжырап қарны ашқаннан қыңсылайды, Қасқырдың ызғарына к...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Б. Жақыпбаев
ATU 117.
ATU 47D
Бір қасқыр қаңғып, қаңғып таппай сарық, Тамағы болмағансын аш бопты арық. Не жаман тіршілікте, аштық жаман, Аштарға ататын таң, жоқ қой жарық. Жолығып сөйлеседі семіз итке, Сорпамен тойып жүрген итке қарап, Сұрайды: «Нақ шыныңды сөйлеші ит, Не үшін жүре алмайсың малға сиып, Жей алмай көптен бері тамақ тауып, Жүр едім м...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Тоқты: —Қасқыр-ау, аузың құрсын ырбаңдаған, Жол таппай қараңғыда тұрған жаман. Ер болсаң, тайлақ пенен тайды жеші, Тоқтының несін жейсің тырбаңдаған? Қасқыр: —Тоқтышақ, не десең де құтылмайсың, Ішінде шым қораның қутыңдайсың. Әуелі сені жеймін, сосын тайды, Бәрібір кезегіңнен құтылмайсың. Тоқты: —Я жерсің, я жемессің,...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Көп қойдан қалған ұйықтап бір жас қозы, Адасып жонда қалған жалғыз өзі. Шаршаған жалғыз қозы ыстық күнде, Өзенге су ішкелі келді өзі. Су ішіп рахаттанып тұрғанында, Бір қасқыр шыға келді жайнап көзі. Қызғыштап көл қорыған шағаладай, Қозыға кіна таққан қасқыр сөзі: «Ішесің рұқсатсыз қалай суды, Басқаның көлденеңдеп кімн...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU ІІІА
Бір қасқыр алыс жерден сапар шеккен, Қалжырап тамақ таппай жүрген көптен. Жел жақтан өлген малдың иісін сезіп, Шайнамай жұтты бірін көп сүйектен. Қасқырдың қорқаулығын әркім білер, Жеңсе де, жеңілсе де қолында өлер. Жұтқаны шайнамастан тоқбас жілік, Болмады көмекейден ары жүрер. Қақалды жілік жүрмей қасқыр құсып, Қан а...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Өңір: Kazakhstan
Есек пен жолдас бопты жүйрік тұлпар, Бір таудың саласына етті сапар. Жол екен бір жарым ай барар жері, Тағы да асуы бар отыз қатар. Есекке айтты тұлпар жолы қашық, Таулардың арасымен жүрсек асып. Жолына бір жарым ай, бір күн жүріп, Шығармыз тау басына жүрсек басып. Ойланды есек байқұс сонда тұрып, Тұлпарға жауап берді...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1920
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Бұрынғы заманда бір кедей қарт диірменші болған. Бұл диірменшінің қатыны жоқ екен. Үш қызметкері бар екен. Көп заман өткен соң бұл қарт өзінің қызметкерлеріне айтты: – Мен сіздерді енді шығарамын, қартайдым. Қазір тыныш өз күнімді өзім көргім келеді. Солай болса да мен біріңді алып қаламын. Маған қайсыңыз жақсы ат келт...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә.А. Диваев
ATU 545В
Баяғыда бip балықшы шал болыпты. Шалдың тетелес туған тоғыз перзенті бар екен. Кедейліктен ыңыршағы шыққан бұл балықшы шалға, он ceгiз мың затты әлем қазнасынан тигені бес құлаш балық аулайтын ау ғана болыпты. Соны суға салып, ілінген балықты әкеліп асып, немесе сатып нан алып балаларын асырайтын еді. Бip күндік азық т...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU СУС735
Ертеде бір бай бар екен. Ол байдың үш баласы бар екен. Үлкенінің аты Жандос, ортаншысының аты Табанақ екен. Кішісінің аты Майлықараша екен. Майлықараша үш жасар екен. Бір күні екі ағасы мал табамыз деп жолға шықты. Майлықараша айтты: «Ай, ағалар, мен бірге барамын». Ағалары айтты: «Жарайды, жүрсең жүр», – деді. Үшеуі а...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Kazakhstan
ATU 519
ATU 650В
Баяғы өткен заманда Құрман қойшы деген бір байдың қойшысы болыпты. Құрман сол байда он сегіз-жиырма жыл қойын бағыпты. Алатын ақысы бір жылға екі тоқтылы қой екен. Егер қой жоғалтса, ақысын бермей соның есебіне алады екен. Құрман қойшының тапқаны киіміне жарамай сол байдың қойын бағып жүре беріпті. Құрман қойшы бір күн...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Жинаушы: Қ. Әбішев
ATU 329
ATU 409А
ATU 674К674
Ертеде бір шаруа болыпты. Әкесі ұлының ғұмыр жасының ұзақ болуын тілегендік пе екен, оның атын Мыңжасар деп қойған екен. Әлгі шаруа Мыңжасар сол заманда жиі кездесетін қуғыншылықтың салдарынан бір күні жайлы қоныс іздеп шығады. Ол кезде «па» дегендей жайлы қоныс қарап келе жатқан жолында, бір сексеуіл түбінде өлім халі...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: С. Төлепов
ATU 313А.
ATU 313В.
Бар екен бір теңізде сазан балық, Сазанды көп шортандар ортаға алып. Бәріміз ұстап алып бұл сазанды, Қалайық дейді шортан тамақтанып. Ниетін сазан білді шортандардың, Ретін қиялдады құтылардың. Ал, сонда, қашты сазан су бетіне, Қасына барайын деп адамдардың. Бір уақта су бетіне шықты сазан, ...жатыр екен айтып азан. Те...
Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі
Жыл: 1920
Өңір: Kazakhstan
Жинаушы: Ә.А. Диваев