Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

5063 Жалпы жазба
199,295 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4031 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 5063 жазба көрсетілуде

Екі қой

Екі қой бірігіп жолдас болысыпты, далаға барып даладан бір қасқырдың басын тауып алысыпты. Сонан соң үйлеріне қайтысып келе жатып жолда бір үйге кез келіп қалысыпты. Ішіне кіріп келсе, үйдің іші толған қасқыр екен. Сол қасқырлар өздері аш болған соң келген қойға мейлінше қуанып қай жерге отырғызарын біліспейді. Бұларды...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1892 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: А.Е.Алекторов ATU 125 ATU СУС125.

Қошқар мен теке

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Өздері кедей екен. Күн көрерлік бар малы—бес қой мен бес ешкі екен. Олардың сүтін ішіп, құрт-майын және жыл сайынғы өсімді төлін сойып жейді. Терісін, жүн-жұрқасын үстеріне киім қып киеді. Бес қой мен бес ешкі не көбеймейді, не азаймайды. Бес қой мен бес ешкі өріске өздері жайылып, бұ...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1929 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Е.Ысмайылов ATU 125 ATU 126А ATU 130А ATU 130В

Жетім қозыны қасқыр жегені

Ертеде көктем күнінде көшершілік заманында бір қозы қойдан адасып жатып қалады. Ел жөңкіліп ұзап кетіпті. Қозы жалғыз өзі жайылып жүреді де, бір күні бір көлшікке кез келіп, су ішіп жатқанда бір қасқыр келіп су ішті де, қозының ізін көріп, қозының артынан іздеп жүріп тауып алады. Қозы қасқырды көріп қорқып тұрды. Қасқы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1945 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Жақсыбай Жантөбетов ATU ІІІА ATU СУС111А

Ақымақ теке

Бір теке шөлдеп, терең бұлаққа түсіп, су ішті дағы қайтадан шыға алмай бақыра бастады. Оның дауысын естіп, түлкі келіп айтты: —Әгәрда, сенің иегіңдегі сақалыңның хисабы сайын, басыңда ғақыл болса, сенің бұл ұраға түсерден бұрын, қалай шығуды ойлар едің.

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1912 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: С.Көбеев

Домбырашы теке

Күндер де бір күн қошқар, теке, бұзау үшеуі жолдас болып, алыс сапарға шығыпты. Үшеуі жолда келе жатып, екі қос уыстай сұлы тауып алыпты. Енді мұны үшеуіміз қалай тең бөлісіп жесек екен деген кеңеске кіріседі. Сонда теке тұрып: —Мен таптым,—дейді. Оның өзі лақ теке болса керек. —Үшеуіміздің ең кішіміз сен екенсің, олай...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 2002 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Нұрқасым Әбілұлы ATU 125 ATU 126А

Бес ешкі

Ертеде бір кедей болыпты. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері мен тоқтысын байдың қойына, атын байдың жылқысына қосады екен. Бір күні азынап тұрған боранда бай бес ешкі мен қара тоқтыны, құла атты өз малынан бөліп, елсіз-күнсіз айдалаға айдап жібереді. Ұлып соққан боран, үскірік ая...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: С. Бейсебаев ATU 122

Ақылды лақ

Бір бұзау, бір тоқты, лақ ел көшкенде жұртта қалыпты. Үшеуі адам болып қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың бойында екен, қасында бәйтерегі бар екен. Бұлардың хабарын естіп бір аю жеймін деп қостың қасына келген екен. Лақ аюды көріп алдынан жүгіріп шығып, қосына әкеліп, есік ашып енгізеді. Үйге кірген соң: «Аюға не б...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1936 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: С.Бейсебаев ATU 126 ATU 126А ATU 78

Екі лақ

Ақ лақ пен қара лақ әрі жүгірді, бері жүгірді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарады. Мына жағы—қалың шілік, ана жағы— қалың бау. Маңайында ешбір қой-ешкі көрінбейді. —Сен ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі- берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер!—деп, қара лақ ақ лақты бүйірден бір түйіп...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1963 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: М.Гумеров

Ешкі мен қасқыр

Ертеде бір ақылды ешкі болыпты. Ол әр күні тауға шығып, соны шөп жеп, етекке түсіп өзен суын ішеді екен, күндердің бірінде ол бір аш қасқырға кез болыпты. Қасқыр ешкіні жемекші болып, оның қасына жетіп келеді. Ешкі жалтара алмай қалады. —Ешкі, басыңдағы арбиған нәрсенің не керегі бар?—деп сұрайды, қасқыр мүләйімсіп. —Б...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1963 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы ATU 122

Ешкі мен қасқыр

Тасты таудың басында ешкі оттап жүр еді, таудың төменгі жағында тамақ іздеп, аш қасқыр жүр екен. Тау басындағы ешкіні көріп, қасқыр айтты: «Тау басында сен оттағандай шөп жоқ қой, онан да төмен түсіп, жердегі тәтті, шырынды шөпті жесейші». Ешкі қасқырға айтты: «Әй, шырағым, тау етегіндегі тәтті шөпті өзің үшін сақтарсы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1898 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Алектров ATU 127

Ботаның кешірмесі

Бір байдың қызы бір төренің ұлына ұзатылып, оның жасауына бай жүз ақ түйе беретін болыпты. Енесін еміп жүрген бір жас ботаны да енесінен мезгілсіз айырып сан толтыру үшін, сол түйелердің қатарында беріпті. Ботасынан айырылған інген ботақанын сағынып зарықса, бота енесін онан бетер сағынып зарығыпты. Сонан жол-жөнекей,...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1963 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Бозінген

Бұрынғы заманда Бағланбай деген бай бар екен. Оның дүние малы көп екен. Көп малының ішінде бозінген деген бір жақсы түйесі бар екен. Бозінгенді барлық малынан жақсы көреді екен. Бірақ Бозінген ешбір бота таппаған екен. Бір күні бай ел-жұртын жинап неше биелер сойып той қылып жұртынан кеңес сұрапты: —Менің жақсы көретін...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Ә.А. Диваев

Бір өгіз

Бір шал мен кемпірдің жалғыз сиыры болыпты. Сол сиырдың сүті олардың қорегі екен. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай, өліп кала беріпті. Жылдар өтеді, шал-кемпір картая түседі Ал бұзаулардың бұрынғыша өлуі тоқталмайды. – Қой, болмас, – дейді бір күні шал кемпіріне, – бір жылға бір нәрсе етіп шыдармыз. Сиырды саумай...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Н.Төреқұлов

Өгіз, айғыр, жолбарыс

Ертеде бір аңшының ақтоқал өгізі, бір ақбоз айғыры болыпты. Оның бұл екі көлігі орман жыртқыштарының тілін біледі екен. Бір күні аңшы ақтоқал өгізге бастыра отын артып, жолына түсіріп айдап жібереді де, өзі айғырын іздеп артта қалады. Ақтоқал өгіз үйреншікті жолмен жүріп, бір қайқаңға келгенде омырау жібі кеңірдегін қы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 2002 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Нұрлыбек Берелбекұлы ATU СУС151А

Жақсылыққа жамандық

Кез келгендерді сүзе беретұғын, сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті. Құдықтың ішінен бар пәрменімен сүзгілеп топырағын түсірсе де, басқа түскен пәледен құтыла алмайды. Бар хәлі кеткен соң, істің жаманға айналғанын, өзінің бекерден-бекер өлетінін бұқа біліпті. Біреу болмаса, біреу мені құдықтан шығарып алар д...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1894 Өңір: Kazakhstan ATU ТМW154

Өгіз, есек ертегісі

Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болған екен. Екеуі бір сахара жерде жүріп, бір қалың баққа кірген екен. Бақтың өлеңдеріне тойған соң, есек қатты бақырмақшы болғанда, сонда өгіз айтады: «Бұл жерге біз ұрлыққа келгенбіз, сен ақырма», – дейді. Есек айтады: «Қарын тойған соң ақырмақтан абзал нәрсе болмайды», – дейді дағы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 214

Сиыр мен теке

Бір кемпірдің бір сиыры мен бір текесі болыпты. Сол сиыр менен теке малда бірге жайылады екен. Сиыр сауған мезгілде де айналып тұрмайды екен. Сонда кемпір сиырына нан, тұз алып келіп, беріп айтады: «Тыныш тұр шырағым, мә,мә, тағы алып келіп беремін, бірақ түзу тұр», – депті. Екінші күні кешке теке сиырдан бұрын өрістен...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1890 Өңір: Kazakhstan

Құрым сары айғыр мен сыншыл шолақ қасқыр

Бұрында бір бай болған екен. Ол байдың жылқысына сан жетпейді. Ұшан-теңіз көп болыпты. Осы жылқының басы – бір айғыр екен. Байдың барлық жылқысы да бір, осы айғыры да бір екен. Мұы құрым сары айғыр деп атайды екен. Мұның үйірін еш уақытта жылқышы бақпайды, құрым сары айғыр өзі бағып, иіріп, қайырып, өргізіп, тұрғызып ж...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Ысқақұлы Есімхан

Жануарлардың арманы

Бір күні ат, түйе, ит, мысық төртеуі кездесіп, армандарын айтысады, сонда мысық: – Сүт көп болса, тойып алып, мештің түбінде тырайып ұйықтар ма еді, ә, – депті. Ат: – Сүті құрсын, көк шөп пен сұлы болып, күрс-күрс шайнап тұрар ма еді десеңші! – депті. Ит: – Шөп пен сұлы тамақ па? Шіркін, майлы сүйек пен жуындыны айтсаң...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1989 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Шолп

Баяғы заманда жидек орманмен көмкерілген бір көл болыпты. Онда алты қоян мекендейді екен. Бір күні әбден пысқан бір жидек биік ағаш басынан көлге «шолп» етіп түсіпті. Оның не екенін білмеген қояндар шыбын-шіркей қаша жөнеліпті. Ытқып келе жатқан қояндарды көрген түлкі олардан: – Неге қашып келесіңдер? – деп сұрапты. –...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы
Алдыңғы 242 / 254 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды