Сөйлеймін құп тыңдасаң, көп жамағат, Қалыпты Пайғамбардан аз насихат. Ғаламның он сегіз мың Падишасы Хабибі Хақ Расулдан қалды риуаят. Риуаят қалды бізге Пайғамбардан, Сөзіме сауап табар құлақ салған. Шырағы екі дүние Расулыдан, Болмай ма сөзім хараб аяп қалған. Насихат сөйле енді білсең тілім, Харам ғой Пайғамбарсыз к...
Genre: Діни дастан
Year: 1914
Region: Қазақстан
Collector: Ж. Шайхысыламұлы
Бисмиллаhи рахманир рахим Әлидің шұhраты әлемді тұтты, Жанәділдің махалласына жетті. Жанәділ елі hәм падишасы есітті, Әли қорқынышынан бәрі састы. Жиылып кеңесіп, қайғы қылыпты, Әли үшін жиылып зар қылыпты. Ақылдастылар ертеменен уа кеш, Оған бір хайланы таппадылар һеш. Падиша айтыпты: “Өлтірсе біреу Әлині, Мәдинеден к...
Genre: Діни дастан
Year: 1899
Region: Қазақстан
Collector: Шаһмарданұлы Кашафидин
Бастаймын “бисмилла” деп Тәңірім атын, Қозғатайын өткендердің хикаятын. Дұғаңыздан тастама Пайғамбарды, Көрсеткен бұ ғаламға шарапатын. Тыңдаңыз бұ қиссаны, көп әлеумет, Құдайға жоғалмайды қылған қызмет. Аспанда Ғаршы Күрсі, періште бар, Жаратты жер мен көкті Жаппар Құдірет. Алланың пендесіне рахматы бар, Расулы Пайғам...
Genre: Діни дастан
Year: 1896
Region: Қазақстан
Collector: Ж. Шайхысыламұлы
Әуелі жад етейін Тәңірім атын, Жақсылар, айып етпе жазған хатым. Әулие Пайғамбардың атын жазсам, Қалай теріс болады насихатым. Құп тыңдап бұ сөзімнен мағына алған, Көңілге фаһым әйлап қайғы салған. Таңда махшар күніне пырақ мініп, Ұжмақтан артық барып орын алған. Сәна айтып сөйлейін бір Аллаға, Жаратып нәсіп берген бар...
Genre: Діни дастан
Year: 1913
Region: Қазақстан
Collector: Ж. Шайхысыламұлы
Әуелі сиынамын бір Құдайым, Падиша пендесінің білер жайын. Пайғамбардың мирасқор үмбетінен, Бір жақсыны жазуға ойланайын. Илһам бер тіл мен жаққа, Жаппар Халиқ, Қарайын көп кітапқа көзім салып. Жәрдем бер үмбетіңе иә, Мұхаммед, Қожаны мен жазайын қалам алып. Және медет тілеймін, шаһариарым, Кім біледі дүниенің кеңі-тар...
Genre: Діни дастан
Year: 1902
Region: Қазақстан
Collector: Белгісіз адам
Дастанның басты қаһарманы Сейiтбаттал—әскер басы, дiн-
дi уағыздаушы батыр ретiнде көп уақыт бойы ислам дiнiн басқа
халықтарға таратуға күш салған. Сейiтбаттал—Мұхаммед
пайғамбардың күйеу баласы, халифа Әлидiң ұлы Хұсайыннан
тараған ұрпақ, солардың бастаған ғазауат жорығын жалғас-
тырушы.
Дастанның негiзгi сюжетiне арқау болған—Сейiтбаттал
батырдың көп құдайшылдарға қарсы соғыстары мен оның әдiл
қазылығы туралы аңыз, әңгiмелер.
Genre: Діни дастан
Year: 1908
Region: Қазақстан
Collector: М.Тыныштықұлы
Айтайын тыңдасаңыз жақсы кепті, Бізден бұрын көп адам өтіп кетті. Хазіреті Мұсаның заманында, Шейх Бұрқы диуана деген өтті. Ертеде шейх Бұрқы диуана өтті, Қайтармайды аузынан келген кепті. Жақсы-жаман диуанаң сөз айтса да, Не айтқанын Құдайым қабыл етті. Ертеде шейх Бұрқы диуана өтті, Диуананы Құдайым “достым” депті. Қ...
Genre: Діни дастан
Year: 1879
Region: Қазақстан
Collector: Мәулекей Жұмашұлы
Әлхамдулла, салауат Пайғамбарға, Жүзін көрген шаhариар, асхабтарға. Қанша жүз мың болса да табғинанлар, Рахматулла аләйhи бас имамдарға. Әр ісімді тапсырдым бір Аллаға, Қабыл қыл тілімдегі хамду сәнам. Уассалауат уассалам Пайғамбарға, Шапағат қыл сүннетің қылған жанға. Әнбие, әулиеге сиынайын, Медет қыл біздей асы күнә...
Genre: Діни дастан
Year: 1896
Region: Қазақстан
Collector: Мәулекей Жұмашұлы
Бір күні жүһүд бір кітап оқыр, Қасында жас баласы қарап отыр. Жасырса да, баласы аңлай берді, Жаққан соң құлағына тыңдай берді. Жер мен көктің арасы нұрға толды, “Атаке-ау, бұл не аят?” деп тыңдай берді. Әлденеше сұрады үшке дейін, Сұраса да, айтпады түске дейін. “Мұхаммед пайғамбарды жасырдың” деп, Бала жатып жылады к...
Genre: Діни дастан
Year: 1914
Region: Қазақстан
Collector: Ж. Шайхысыламұлы
Әуелі сөз бастайын “аузубилла”, Мұхаммед Құдай досты, Хабиб Алла. Шерменде күнәһі көп біз бір жазған, Иә, Мұхаммед Мұстафа, өзің қолда. Дұғада сөз бастаймын “бисмилла” деп, Жаратқан барша жанды “Құдайым” деп. Намаз бенен рузаға біз салақпыз, Бейшарамыз бір жүрген, күнәміз көп. Әуелі жаратыпты досты нұрын, һеш нәрсе жар...
Genre: Діни дастан
Year: 1896
Region: Қазақстан
Collector: Мәулекей Жұмашұлы
Иман келтір әуелі “Алла бір” деп, Мұхаммед – хақ расул, Пайғамбар деп. Дін үйрете жіберген елшісі-дүр, Құлдарымды хақ жолға көндірер деп. Ол Расул Жәбірейілден хабар алды, Қисабы жоқ дұшпанды дінге салды. Және жүһүд болған соң амал бар ма, Әбу Жәһіл хақ дінге көнбей қалды. Алпыс жасқа келіпті Пайғамбарым, Бір күні шақы...
Genre: Діни дастан
Year: 1888
Region: Қазақстан
Collector: М.Жұмашұлы
Дастанның бас кейiпкерi Сейiтбаттал — палуан, ер жүрек,
әскер басы [сәруар]. Бiр күнi Сейiтбатталдың балалары — Башир,
Әли, Нәзiр әкесiнен жұмалық сұрайды—өздерiн оқытып жүрген
молдасына жұма күнi беретiн сыйлық. Сонда ештеңе таппаған
Сейiтбаттал шапаны мен сәлдесiн бередi. Әйелi Гүләндам кедейлiгiн бетiне басады. Сейiтбаттал Пайғамбардың, оның ағасы Хамзаның, пайғамбардың күйеу баласы хазiрет Әлидiң
де дүние-мал жинамай кедей болып өткенiн айтып, «Ендi
бiзге мал жимақ харам екен» дейдi. Сонда әйелi байлықпен
даңқы шыққан падиша Омарды мақтайды. Әйелiне ашуы кел-
ген Сейiтбаттал Омар патшаның қызы айдай сұлу Фатиманы
қалыңмалсыз аламын дейдi де үйiнен шығып патшаға барады.
Омар Сейiтбатталға қызын беруге қарсы емес. Бiрақ «Өзi жар-
лы, малы да жоқ, пұлы да жоқ, һәр жерде, жүрген жерде қатын
алар» деп әйелi қарсы болады.
Ақырында Омар әйелiнiң «Малы жоқ, көп сұрасаң малдан
қашар» деген кеңесiмен қызға көп қалыңмал сұрайды. Дегенмен Сейiтбаттал қаймықпайды. «Бiр жылда келермiн» деп, уәде берiп алыс сапарға шығады.
Genre: Діни дастан
Year: 1879
Region: Қазақстан
Collector: М.Жұмашұлы
Бұл шығарма исламның жекелеген өсиеттерi мен тыйым-
тоқтамдарын, халал мен харамды әңгiмелейтiн және оларды
бұзушыларды жазалау туралы дастандар тобына жатады.
Шығарманың басты кейiпкерi Әбушахма—хазiретi Омар
халифаның баласы. Ол Құран Кәрiмдi шебер оқуымен
және дауысының Пайғамбар дауысына ұқсастығымен
ерекшеленедi.
Genre: Діни дастан
Year: 1948
Region: Қазақстан
Collector: Ғ.Мұстафин
Бұл шығарма исламның жекелеген өсиеттерi мен тыйым-
тоқтамдарын, халал мен харамды әңгiмелейтiн және оларды
бұзушыларды жазалау туралы дастандар тобына жатады.
Шығарманың басты кейiпкерi Әбушахма—хазiретi Омар
халифаның баласы. Ол Құран Кәрiмдi шебер оқуымен
және дауысының Пайғамбар дауысына ұқсастығымен
ерекшеленедi.
Genre: Діни дастан
Year: 1938
Region: Қазақстан
Collector: Ғ.Мұстафин
Жазайын назым қылып бір хикаят, Өтірік-жалғаны жоқ, шын хикаят. Имам Әли тақсырдың бір дұғасы, Анық сөз кітаптағы бұл хикаят. Қаламды тебірендірдім өз жағыма, Қаламды тартсам, түседі сөзім шынға. Өтірік деген кісі айта берсін, Бұл сөзді жүргіздім өзім шынға. Хикаятын сөйлейін Шорман молда, Жүреді жазылған сөз қолдан-қо...
Genre: Діни дастан
Year: 1898
Region: Қазақстан
Collector: А.Шорманұлы, Ж.Шорманұлы
Әуелде жад етемін Тәңірім атын, Сұрасаң, Мәулекей-дүр – менім атым. Түмен менен Омбы арасында, һеш адамнан кем емес салтанатым. Сөйлей бер, қызыл тілім, өлмей тұрып, һеш адамнан қорлықты көрмей тұрып. Тіл менен жақ, сөйлей бер мына тойда, Жең, жағасы жоқ тонды кимей тұрып. Сөйлей бер мына тойда, өлмей тұрып, Басы жоқ б...
Genre: Діни дастан
Year: 1879
Region: Қазақстан
Collector: М. Жұмашұлы
Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының кәпірлермен соғысы баяндалады
Genre: Діни дастан
Year: 1877
Region: Қазақстан
Collector: К. Шәменов, Қ. Амантайұлы
Жаз міндім жеңіл жылқы биебауға, Сондықтан бара алмадым жайлау тауға. Жылқыдан құры атымды ұстап мініп, Барамын ауылыңды аралауға.
Genre: Қара өлең
Year: 2009
Region: Қытай (ҚХР)
Ендеше, айтагенің айт дегенді, Әріптес төгілдіріп айтты өлеңді. Дәстүрлі қара өлеңнің бір бұтағы, Азырақ айтайықшы ат өлеңді.
Genre: Қара өлең
Year: 2009
Region: Қытай (ҚХР)
Дәйім менің мінгенім құлагерім, Күнде той, күнде думан жүрген жерім. Ән десе бәйге атындай елеңдеймін, Ежелден әнге құмар бір мінезім.
Genre: Қара өлең
Year: 2009
Region: Қытай (ҚХР)