Қара өлең
Жылқы деген мал жақсы күзеткенге, Сымдай болар тал құрық түзеткенде. Бәйге атындай тықыршып тұра алмаймын, Дәл қасымнан, қалқатай, сіз өткенде.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Жылқы деген мал жақсы күзеткенге, Сымдай болар тал құрық түзеткенде. Бәйге атындай тықыршып тұра алмаймын, Дәл қасымнан, қалқатай, сіз өткенде.
Жылқыда бір құлын бар тай секілді, Тұяғы сол құлынның ай секілді. Малшыға мен секілді аты шыққан, Көңілі қалқатайдың бар секілді.
Жүйрік пенен жорға менің таңдағаным, Асауды ала арқанмен шамаладым. Адырдан асыр салып жылқы жинап, Жаңғыртты тау, даланы салған әнім.
Жүйріктің жалын сүзіп, үкі тақтым, Арқандап бекіткелі қырға бақтым. Желігіп желдей есіп жүре алар ма ем, Астымда болмаса егер жүйрік атым
Жетер ме, салсам құрық көк дөненге, Көк дөнен кез болмасын көлденеңге. Кеткенде алыс аулың, қимас қалқа, Көк дөнен де ат болар өлмегенге.
Жетер ме, салсам құрық телкүреңге, Жорға, жүйрік мал еді телкүрең де. Кеткенде ауылың шалғай, қалқатайым, Мінерсің телкүреңге бір күн сен де.
Жақсы атты әдемілеп кежімдейді, Байласа ат ақырға, не жемейді? Аяғың бір нәрседен шалыс болса, Көп дұспан көре алмаған не демейді!
Бағдат Мысыр бiрлән – екi үлкен шәр, Сарғайүр қайғы бiрлән мағшұғы бар. Ирамбақ перiлердiң ойнағы екен, Азапты жолы қиын бек кiрiптар. Екi ғалам жаһанда Хақ Тағала, Һәркiмге хасыл қылсын нұр сипаттар. Уасифiн көрiп түсiнде перiзаттың, Көп бағлан сапар шеккен қара пiл, нар. Ақырында Құдайым қосылдырған, Неше жыл қасiрет...
Бисмилла, мен сөйлейiн Тәңiрiм атын, Мұны жазған Сергелi Уақ затым. Ақылбектiң өлеңiн тыңдасаңыз, Ыбраһым шаһның сөйлейiн хикаятын. Ақылбек Сабалұғылы мұны жаздым, Қайғыға зағыпырандай болып аздым. Хикаятты өлеңге айналдырып, Талайын шығарушы ем өлең наздың. Нағашым Рахмет, Абай өткен, Құнанбай балаларын еркелеткен. Жа...
Шабытым көкке шарықтап, Құмармын дастан, нақылға. Домбыра, сырнай үйренiп, Болып ем үйiр басында. Қалам алып қолыма, Әр сөздiң болдым нәшiнде. Өлеңiммен таныстым Алыс пенен жақынға. Жастайымнан көп болдым Жақсылардың қасында. Бұл дастанды шығардым Алпысқа келген жасымда. Көркiнше шықты патша боп Үндiстан деген қаладан,...
Бисмиллаһир рахманир рахим Бастаймын «бисмилла» деп Тәңiрiм атын, Жақсылар, айып етпе жазған хатым. Құдайым һәм пайғамбардан сөз бастасам, Қалай терiс болады насихатым. Құп тыңлап бұ сөзiмнен мағына алған, Көңiлiне фаһим әйлап, қайғы салған. Таңда махшар күнiнде пырақ мiнiп, Ұжмақтан хор қызымен орын алған. Хазiретi Жү...
«Бисмилла» деп Сейiтгерей қалам алар, Алла деп ақ қағазға назар салар. Сейпiлмәлiк, Бәдiғұлжамал екi ғашық, Ғаламға мысал болған шаһзадалар. Қолыма хат жазарға алдым қалам, Аллаға хамду сәна болсын тамам. Бiр қисса жазайын деп ойға түстi, Медеткер жар болғайсың, Алла Тағалам. Қаламды жазбақ болып алдым қолға, Қатасын Т...
Әуелде жад етемiн Тәңiрiм атын, Сұрасаң өзi берер онан датын. Бұ кiтапты бастай салдым, Айып қылып оқыма жазған хатым. Қолыма қағаз бен қалам алдым, Дүниенiң опасына қайран қалдым. Кәрiптер жұрт iшiнде тыңдасын деп, Қиссасын Сейпiлмәлiк хатқа салдым. Кiсiден бiлген сөзiм сұрамадым, Жаза бердiм, кiсiге қарамадым. Қалған...
Сөз келедi тыңдағанға айтатұғын, Жоқ шығар бұ жалғанда мұңсыз туған. Дүниеге адам ұлы қонақ болған, Күнiнде бiрi-бiрден қайтатұғын. Жан бердi, иман бердi Бiр уа Барың, Қалады өзiң өлсең дүние, жарың. Дүниеде бiраз өмiр қонақ болған, Барады қазған көрге жiгiт, кәрiң. Бұ жалғаннан бiр кiсi тоймай өтер, Жақсы құл өлiм түб...
Әуелі сөз бастайын “аузубилла”, Мұхаммед – Құдай досты, Хабиб Алла. Бастаймын қиссасын Мәлікаждар, Тіліме медет бергіл, Қадір Алла. Сөз тыңда әй, жарандар, салтанатты, Бұ сөзім тыңдасаңыз балдан тәтті. Жер еді екі арасы сегіз күндік, Бар еді бір падиша Қарис атты. Сахиптық қылып жүрді Әли Хайдар, Тар жерде қолдағушы ха...
Жұрт тыңдар сөзім жақсы болса тамам, Күлісер қатесі көп болса жаман. Осы күнгі халыққа кім ұнайды, Қатесіз жалғыз өзі Хақ Тағалам. “Халі келмес қалыңға кіреді” деп, Халайық әр түрлі сөз айтар маған. Ықтияр, не десе де мойынға алдық, Біз түгіл Расулды да ғайбаттаған. Надандықтың зұлматы адасқандай, Өз көңілі раушан жолм...
Жазайын бұл кітапты хамдуменен, Пайғамбар Мұстафаға салауатпенен. Салауат айтамын баршасына, Табғин болғанға сахабаменен. Пайғамбар Расул Алла көшіп кеткен Меккеден, Мәдинеде мақам тұтқан. Хижраттан екінші жыл болған уақыт, Бәдір атты қариада соғыс еткен. Жарандар, жазайын бұл соғысты, Құрайыштардың болғанын керуенді....
Бисмилла рахман-ир рахим Бұйрықпенен Расул Алла көшіп кетті, Өзіне Мәдине Мұнаууара мақам етті. Хижрадан үшінші жыл болған уақыт, Уақиға болды бір соғыс Үхүд атты. Бәдірде мүшіріктер мағлұб болды, Жиылып Әбусуфиан және келді. – Интиқам алмақ біздерге зарури,– деп, Исламдар шарифтарымызды өлтірді,– деді. Осында керуенде...
Қиссаны өлең қылған ақын зерек, Ойласам дүние жүзі дөп-дөңгелек. Бұрынғы өтіп кеткен жарандардан, Бір сөзді шариф қылып айтсам керек. Жақсыларды жад қылсам хатқа салып, Имансыз құл тозақта мәңгі қалып. Тәңірім берсе адамзат не көрмейді, Мехнатты адам дүниеден кетер озып. Хатқа жаздым кітаптың сөз қырларын, Қисса сөздің...
Әуелде сөз айтайын бисмилладан, Өлмей қалмас анадан туған адам. Өлмей тұрып бір қисса сөйлейін мен, Туған жан бәрі де айрылар ата-анадан. Құлдық, тағат қылсаңыз бұ дүниеде, Өлсең иман табарсың о дүниеде. Тәңірі досты Пайғамбар төрт жарменен, Бір күні кеңес қылды Мәдинеде. Әбубәкір, Омар, Оспан бәрі де бар, Пайғамбардың...
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment