Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

5063 Жалпы жазба
199,295 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4031 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 5063 жазба көрсетілуде

Қисса хазірет Оспан разы Алла анһудың қонаққа шақырғаны

Сөйлеймін құп тыңдасаң, көп жамағат, Қалыпты Пайғамбардан аз насихат. Ғаламның он сегіз мың Падишасы Хабибі Хақ Расулдан қалды риуаят. Риуаят қалды бізге Пайғамбардан, Сөзіме сауап табар құлақ салған. Шырағы екі дүние Расулыдан, Болмай ма сөзім хараб аяп қалған. Насихат сөйле енді білсең тілім, Харам ғой Пайғамбарсыз к...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1914 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ж. Шайхысыламұлы

Хазірет Әлидің Жанәділ шаһарында төбелескені

Бисмиллаhи рахманир рахим Әлидің шұhраты әлемді тұтты, Жанәділдің махалласына жетті. Жанәділ елі hәм падишасы есітті, Әли қорқынышынан бәрі састы. Жиылып кеңесіп, қайғы қылыпты, Әли үшін жиылып зар қылыпты. Ақылдастылар ертеменен уа кеш, Оған бір хайланы таппадылар һеш. Падиша айтыпты: “Өлтірсе біреу Әлині, Мәдинеден к...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1899 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Шаһмарданұлы Кашафидин

Қисса хазірет Әли разы Алла анһудың шаһ Барбарға құл болып сатылғаны

Бастаймын “бисмилла” деп Тәңірім атын, Қозғатайын өткендердің хикаятын. Дұғаңыздан тастама Пайғамбарды, Көрсеткен бұ ғаламға шарапатын. Тыңдаңыз бұ қиссаны, көп әлеумет, Құдайға жоғалмайды қылған қызмет. Аспанда Ғаршы Күрсі, періште бар, Жаратты жер мен көкті Жаппар Құдірет. Алланың пендесіне рахматы бар, Расулы Пайғам...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1896 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ж. Шайхысыламұлы

Қисса хазырет Әлидің Сараңбайды жолға салғаны

Әуелі жад етейін Тәңірім атын, Жақсылар, айып етпе жазған хатым. Әулие Пайғамбардың атын жазсам, Қалай теріс болады насихатым. Құп тыңдап бұ сөзімнен мағына алған, Көңілге фаһым әйлап қайғы салған. Таңда махшар күніне пырақ мініп, Ұжмақтан артық барып орын алған. Сәна айтып сөйлейін бір Аллаға, Жаратып нәсіп берген бар...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1913 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ж. Шайхысыламұлы

Қожа Баһауидин хазіретінің қиссасы

Әуелі сиынамын бір Құдайым, Падиша пендесінің білер жайын. Пайғамбардың мирасқор үмбетінен, Бір жақсыны жазуға ойланайын. Илһам бер тіл мен жаққа, Жаппар Халиқ, Қарайын көп кітапқа көзім салып. Жәрдем бер үмбетіңе иә, Мұхаммед, Қожаны мен жазайын қалам алып. Және медет тілеймін, шаһариарым, Кім біледі дүниенің кеңі-тар...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1902 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Белгісіз адам

Ғазауат Сұлтан

Дастанның басты қаһарманы Сейiтбаттал—әскер басы, дiн- дi уағыздаушы батыр ретiнде көп уақыт бойы ислам дiнiн басқа халықтарға таратуға күш салған. Сейiтбаттал—Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, халифа Әлидiң ұлы Хұсайыннан тараған ұрпақ, солардың бастаған ғазауат жорығын жалғас- тырушы. Дастанның негiзгi сюжетiне арқау болған—Сейiтбаттал батырдың көп құдайшылдарға қарсы соғыстары мен оның әдiл қазылығы туралы аңыз, әңгiмелер.

Жанр: Діни дастан Жыл: 1908 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Тыныштықұлы

Диуана шейх Бұрқы

Айтайын тыңдасаңыз жақсы кепті, Бізден бұрын көп адам өтіп кетті. Хазіреті Мұсаның заманында, Шейх Бұрқы диуана деген өтті. Ертеде шейх Бұрқы диуана өтті, Қайтармайды аузынан келген кепті. Жақсы-жаман диуанаң сөз айтса да, Не айтқанын Құдайым қабыл етті. Ертеде шейх Бұрқы диуана өтті, Диуананы Құдайым “достым” депті. Қ...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1879 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Мәулекей Жұмашұлы

Қисса Гүлжәмила қыздың хикаясы

Әлхамдулла, салауат Пайғамбарға, Жүзін көрген шаhариар, асхабтарға. Қанша жүз мың болса да табғинанлар, Рахматулла аләйhи бас имамдарға. Әр ісімді тапсырдым бір Аллаға, Қабыл қыл тілімдегі хамду сәнам. Уассалауат уассалам Пайғамбарға, Шапағат қыл сүннетің қылған жанға. Әнбие, әулиеге сиынайын, Медет қыл біздей асы күнә...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1896 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Мәулекей Жұмашұлы

Қисса Көдек баланың хикаяты

Бір күні жүһүд бір кітап оқыр, Қасында жас баласы қарап отыр. Жасырса да, баласы аңлай берді, Жаққан соң құлағына тыңдай берді. Жер мен көктің арасы нұрға толды, “Атаке-ау, бұл не аят?” деп тыңдай берді. Әлденеше сұрады үшке дейін, Сұраса да, айтпады түске дейін. “Мұхаммед пайғамбарды жасырдың” деп, Бала жатып жылады к...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1914 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ж. Шайхысыламұлы

Жүһүдтің баласы Пайғамбарға ғашық болғаны

Әуелі сөз бастайын “аузубилла”, Мұхаммед Құдай досты, Хабиб Алла. Шерменде күнәһі көп біз бір жазған, Иә, Мұхаммед Мұстафа, өзің қолда. Дұғада сөз бастаймын “бисмилла” деп, Жаратқан барша жанды “Құдайым” деп. Намаз бенен рузаға біз салақпыз, Бейшарамыз бір жүрген, күнәміз көп. Әуелі жаратыпты досты нұрын, һеш нәрсе жар...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1896 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Мәулекей Жұмашұлы

Қисса Наушаруан

Иман келтір әуелі “Алла бір” деп, Мұхаммед – хақ расул, Пайғамбар деп. Дін үйрете жіберген елшісі-дүр, Құлдарымды хақ жолға көндірер деп. Ол Расул Жәбірейілден хабар алды, Қисабы жоқ дұшпанды дінге салды. Және жүһүд болған соң амал бар ма, Әбу Жәһіл хақ дінге көнбей қалды. Алпыс жасқа келіпті Пайғамбарым, Бір күні шақы...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1888 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Жұмашұлы

Қисса Сейітбаттал

Дастанның бас кейiпкерi Сейiтбаттал — палуан, ер жүрек, әскер басы [сәруар]. Бiр күнi Сейiтбатталдың балалары — Башир, Әли, Нәзiр әкесiнен жұмалық сұрайды—өздерiн оқытып жүрген молдасына жұма күнi беретiн сыйлық. Сонда ештеңе таппаған Сейiтбаттал шапаны мен сәлдесiн бередi. Әйелi Гүләндам кедейлiгiн бетiне басады. Сейiтбаттал Пайғамбардың, оның ағасы Хамзаның, пайғамбардың күйеу баласы хазiрет Әлидiң де дүние-мал жинамай кедей болып өткенiн айтып, «Ендi бiзге мал жимақ харам екен» дейдi. Сонда әйелi байлықпен даңқы шыққан падиша Омарды мақтайды. Әйелiне ашуы кел- ген Сейiтбаттал Омар патшаның қызы айдай сұлу Фатиманы қалыңмалсыз аламын дейдi де үйiнен шығып патшаға барады. Омар Сейiтбатталға қызын беруге қарсы емес. Бiрақ «Өзi жар- лы, малы да жоқ, пұлы да жоқ, һәр жерде, жүрген жерде қатын алар» деп әйелi қарсы болады. Ақырында Омар әйелiнiң «Малы жоқ, көп сұрасаң малдан қашар» деген кеңесiмен қызға көп қалыңмал сұрайды. Дегенмен Сейiтбаттал қаймықпайды. «Бiр жылда келермiн» деп, уәде берiп алыс сапарға шығады.

Жанр: Діни дастан Жыл: 1879 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Жұмашұлы

Қисса Әбушахма

Бұл шығарма исламның жекелеген өсиеттерi мен тыйым- тоқтамдарын, халал мен харамды әңгiмелейтiн және оларды бұзушыларды жазалау туралы дастандар тобына жатады. Шығарманың басты кейiпкерi Әбушахма—хазiретi Омар халифаның баласы. Ол Құран Кәрiмдi шебер оқуымен және дауысының Пайғамбар дауысына ұқсастығымен ерекшеленедi.

Жанр: Діни дастан Жыл: 1948 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ғ.Мұстафин

Хикая Әбушаһыма

Бұл шығарма исламның жекелеген өсиеттерi мен тыйым- тоқтамдарын, халал мен харамды әңгiмелейтiн және оларды бұзушыларды жазалау туралы дастандар тобына жатады. Шығарманың басты кейiпкерi Әбушахма—хазiретi Омар халифаның баласы. Ол Құран Кәрiмдi шебер оқуымен және дауысының Пайғамбар дауысына ұқсастығымен ерекшеленедi.

Жанр: Діни дастан Жыл: 1938 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ғ.Мұстафин

Әзірет Әлидің соғысы

Жазайын назым қылып бір хикаят, Өтірік-жалғаны жоқ, шын хикаят. Имам Әли тақсырдың бір дұғасы, Анық сөз кітаптағы бұл хикаят. Қаламды тебірендірдім өз жағыма, Қаламды тартсам, түседі сөзім шынға. Өтірік деген кісі айта берсін, Бұл сөзді жүргіздім өзім шынға. Хикаятын сөйлейін Шорман молда, Жүреді жазылған сөз қолдан-қо...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1898 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Шорманұлы, Ж.Шорманұлы

Қисса Салсал

Әуелде жад етемін Тәңірім атын, Сұрасаң, Мәулекей-дүр – менім атым. Түмен менен Омбы арасында, һеш адамнан кем емес салтанатым. Сөйлей бер, қызыл тілім, өлмей тұрып, һеш адамнан қорлықты көрмей тұрып. Тіл менен жақ, сөйлей бер мына тойда, Жең, жағасы жоқ тонды кимей тұрып. Сөйлей бер мына тойда, өлмей тұрып, Басы жоқ б...

Жанр: Діни дастан Жыл: 1879 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М. Жұмашұлы

Зарқұм

Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының кәпірлермен соғысы баяндалады

Жанр: Діни дастан Жыл: 1877 Өңір: Қазақстан Жинаушы: К. Шәменов, Қ. Амантайұлы

Қара өлең

Жаз міндім жеңіл жылқы биебауға, Сондықтан бара алмадым жайлау тауға. Жылқыдан құры атымды ұстап мініп, Барамын ауылыңды аралауға.

Жанр: Қара өлең Жыл: 2009 Өңір: Қытай (ҚХР)

Қара өлең

Ендеше, айтагенің айт дегенді, Әріптес төгілдіріп айтты өлеңді. Дәстүрлі қара өлеңнің бір бұтағы, Азырақ айтайықшы ат өлеңді.

Жанр: Қара өлең Жыл: 2009 Өңір: Қытай (ҚХР)

Қара өлең

Дәйім менің мінгенім құлагерім, Күнде той, күнде думан жүрген жерім. Ән десе бәйге атындай елеңдеймін, Ежелден әнге құмар бір мінезім.

Жанр: Қара өлең Жыл: 2009 Өңір: Қытай (ҚХР)
Алдыңғы 221 / 254 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды