– Не болды мұнша, – дейді, – сізге, ханым, Құрбандық жолыңа жиған малым. Басымды өзім кесіп берер едім, Әгарда болса керек шыбын жаным. Падыша көп жылады жасын тыймай, Кеткен соң қайғы кіріп ішке сыймай. Атынан ұшып кетіп, жерге түсіп, Жатып[ты] біраз уақыт есін жимай. – Кеткен соң сізден басқа түсті көрдім, Көп ғажап...
Genre: Ғашықтық дастан
Year: 1935
Region: Қазақстан
Collector: В. Васильев
Бисмилла, сиынайын Құдіретке, Жете алмас сансыз пенде анау бетке. Пенде[лер] осы жүрген қатасы көп, Әгарда қата шықса, айып етпе. Мұхаммед бір Құданың сүйер досты, Дүниеде мынау пәни о да күшті. Хазірет Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли Арыслан, Сүйікті сол төртеуін кәміл қосты. Хабибім – ақырзаман пайғамбары, Сүйікті сол төр...
Genre: Ғашықтық дастан
Year: 1935
Region: Қазақстан
Collector: белгісіз
Тыңласаңыз сөйлейін халайыққа, Халайық, айтқан сөзім ылайық па. Дейтұғын Мәлікриан әңгімесін, Жамағат, құлақ салып тыңлайық та. Айтайын бір қиссаны ауызға алып, Әйласын жәрдем, медет Жаппар Халиқ. Жел сөзді бір-екі ауыз неге аяйын, Жүруге кейінгіге мирас қалып. Бұрынғы патшалар пәрмен еткен, Дүниенің тарапына қолы жетк...
Genre: Ғашықтық дастан
Year: 1948
Region: Қазақстан
Collector: Т. Төлеубайұлы
Бисмилла сөздің патшасы, Әдеп емес әр істі Бейбисмилла бастаса. Бисмилламен басталар Әр жұмыстың нақ басы. Құранның сөзі қатасыз, Кітаптың бар-дүр қосары. Бұл дүниеден көшеді Бір Құдайдан басқасы. Көрінген көзге жаладан Адамның бар ма қашпасы. Аз ғана ермек етейін, Болсын сөздің бастасы. Жігіттің көңілі қамығар, Жаман...
Genre: Ғашықтық дастан
Year: 1947
Region: Қазақстан
Collector: Қ. Амантаев
Жаскелеңнің түсінде қалмақтың қаны Найман деген, соның Қоңырша деген қызына ғашық болып, екеуі түсінде сол ретпен сөйлесіп, ғашық болған соң Жаскелеңнің іздей шығуы. – Саламат, қош-аман бол, қарағым-ай, Келтірген Құдай оңдап талабың-ай. Өлмесем, айнам, сені алмай қойман, Осындай болып тұрса заманым-ай. Болмайды асыққан...
Genre: Ғашықтық дастан
Year: 1948
Region: Орта Азия
Collector: И. Бекмағамбетов
Бисмиллаһир рахманир рахим Бастайын бір Алланың атыменен, Түзеткей өз құдірет затыменен. Бихамдулла, біздерді қылды инсан, Жайылар біздей құлдар хатыменен. Алланың заты – пәк, әуелі жоқ, Интаһа-ахирының өлшеуі жоқ. Біздерді адам қылып иман берді, Шүкір Алла, бұл жері көңілге тоқ. Бір қатра нұр жаратты Тәңірім бұрын, Со...
Genre: Діни дастан
Year: 1889
Region: Орта Азия
Collector: Ж. Шайхысламұлы
һәр түрлі халық жаратқан Хақ Тағала, Бірі бүтін болғанда, бірі – жара. Бірі – бай, бірі – пақыр адамзаттың, Біреудің сырты – жарық, іші – қара. Біреудің мәжнүндердей ақылы зағип, Кей пенде зейіні көп, болар дана. Пендені алаламай құрметтейді, Пұлына кей пенденің жетпес баға. Ақылын кей пенденің адам білмес, Сөзі бірге...
Genre: Діни дастан
Year: 1912
Region: Орта Азия
Collector: Й. Қонайұлы
Әлхамду ли-Ллаhи саған, Шаhжиhан, Бәрі әшкере өзіңе қанша пінhан. Бір өзіңе лайық-дүр әли затың, Жылаймын зарлықпенен күнде саған. Жоқ еді, бар қылдың бұл әлемді, Асырадың ризық беріп барша жанды. Ерте-кеш һәрне қажет көңілге алсам, Медет қыл, Рахман Егем, Жаппар Ғани. Заhир, Батин, Ақыр сен уа hәм Әзел, Хаиу, Қадір, Қ...
Genre: Діни дастан
Year: 1898
Region: Орта Азия
Collector: Ж. Шайхысламұлы
Жаратқан барша жанды Алла Тағалам, Жаралған Ғаршы Күрсі, Лаух Қалам. Жарандар, сал құлақты үшбу сөзге, Бастаймын бір азырақ Қаһарманнан. Естісең, көз жетпейді амалына, Салдылар тамам диюды табанына. Қаһарман, Қатыран деген ер өтіпті Бұрынғы Ұшан патша заманында. Жөн болар не қылса да Құдай ісі, Құдіреті, әмірі көп, кел...
Genre: Діни дастан
Year: 1888
Region: Орта Азия
Қиын жол қияметтің тар-ды дейді, Бір жағы су, бір жағы жар-ды дейді. Әзірет Әли Пайғамбар заманында Маңайында бір мүсәпір бар-ды дейді. Көңілінде ол мүсәпір аласы жоқ, Ерді-қатын екеуі, баласы жоқ. Жарлығы Жаратқанның сондай қатты, Бір жалғыз тым болмаса қарасы жоқ. Құдай береді екен есіне алып, Асы жоқ ішеріне жазған...
Genre: Діни дастан
Year: 1870
Region: Орта Азия
Collector: В.В. Радлов
Хамду бейхадди, биадад айттым сәна, Лил халиқ арду, самаһ қадым дана. Өзіңе жалбарынып сөз сөйлейін, Мендей ғаріп құлыңа болғыл пана. Иә, Алла, жәрдем бергіл, қағаз жазсам, Түзу жолға бастағыл, жолдан азсам. Сен бермесең hидаят, тауфиқ, илhам, Шығар ма йаза бүйе жерден қазсам. Иә, Алла, тауфиқ бер дінімізге, Рахмат қыл...
Genre: Діни дастан
Year: 1896
Collector: Ж. Шайхысламұлы
Бисмилла, сөз бастаймын, иә, Рахман, Нұр болып ай менен күн толықсыған. Айтайын бiр қисса—артық сөзден, Тыңдаңыз, құлақ салып, дiн мұсылман. Қиссаның сөз айтайын сарасынан, Мұхаммед екi дүние панасынан. Жазайын Миғражды қисса қылып, Мәулид пен Бақырғанның арасынан. Бисмилла—тамам сөздiң басы дейдi, Бұл сөзiм шариғаттың...
Genre: Діни дастан
Year: 1896
Region: Орта Азия
Collector: Ж. Шайхысламұлы
Бисмилла – сөздің нұсқасы, Баян қылды бір Алла, Бұл дүниенің қысқасы, Дүниені шырын қып, Құдіреттің ұстасы, Ырысқа иман әзелде, Өлшеулі қылған күніңді. Әлемге патша – бір Құдай, Жаңылдырма тілімді. Мұхаммедтің ақтығы Әлемге мәшһүр білінді. Күндерде бір күн Мұхаммед Он екі жасқа ілінді. Жатсаң-тұрсаң, жақсылар, Бір Алла...
Genre: Діни дастан
Year: 1968
Region: Орта Азия
Collector: Қ. Саттаров
Ертеде бір қойшы қойын жайып келе жатып қу медиен даладан қай мезгіл екені белгісіз қуарып қалған адам бас сүйегін тауып алады. Бұл бас сүйектің әдеттегі адамның басынан әрі үлкен, әрі өзгеше екенін байқап, қолындағы құрығымен ары-бері аунатып қарайды да онда ғажайып жазулардың бар екенін көреді. Бастың сол шекесіне «А...
Genre: Қиял-ғажайып ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Ғ. Темірғалин
Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты—Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяу ханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан қолмен аттанған...
Genre: Қиял-ғажайып ертегі
Year: 1926
Region: Қазақстан
Collector: И. Байзақов
Бұрынғы заманда бір байдың екі ұлы, екі қызы болған екен. Үлкен баласының аты—Жанай, кіші баласының аты—Қанай екен. Үлкен қызының аты—Апан, кіші қызының аты—Ұпан екен. Сөз салып, құда түсем деушілерден қарындастарын қызғанған екі ағасы Апан мен Ұпанды елден жасырып, елсіз бір тауда сақтайды. Күндерден күн өтті. Бір күн...
Genre: Қиял-ғажайып ертегі
Region: Қазақстан
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Байдың Асаубай деген ұлы болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп жалшылардың бірі Қазанқап деген қозы бағатын қозышысы бар екен. Қазанқап...
Genre: Қиял-ғажайып ертегі
Year: 1962
Region: Қазақстан
Collector: Б. Қозыбақов
Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса өлтіріңдер!...
Genre: Қиял-ғажайып ертегі
Region: Қазақстан
Ертеде Күнше дейтін бір жесір әйел болыпты. Ол күндердің бір күні өзінің құрым лашығынан жалғыз баласын ұрлатып алып, зар илепті. Күншенің мұндай күйге ұшырағанын көрген ел-жұрты қатты налыпты. «Бейшараға қалай жәрдемдесеміз?»—деп өзара кеңеседі. Арада төрт жыл өтеді. Қанша іздегенмен бала табылмады. «Толыбай деген сын...
Genre: Қиял-ғажайып ертегі
Region: Қазақстан
Collector: С. Омаров
Бір адамның жалғыз ұлы болыпты. Баланы баулу—ата-ананың борышы. Атасы баласына он ділдә беріп базарға барып бір жейтін тамақ сатып әкел, сиырға шөп, тауыққа жем әкел депті. Баласы базарға шығып бұларды жеткізе алмай, қайтып келе жатса, бір адамның көрлікті қазып жатқанын көріп: —Бұның не?—деп сұрапты. Ол адам: —Бұл ада...
Genre: Қиял-ғажайып ертегі
Year: 1990
Region: Қазақстан
Collector: Қ. Әбікенұлы