Тарих – кәрі ақсақал келген көпке, Ол сізді таныстырар талай кепке. Өткен өмір өлшеулі, жақсы үлгіні Ғибрат қып әр іске сын бермекке. Талай іс өткен адам баласынан, Нелер бұзық, нелер қызық бас-басынан. Кейде сор, кейде бақты пенде басы, Тұрмыстың неше ағым таласынан. Адамзат кейде шатты, кейде мұңды, Соның бәрін істей...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1986
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: А.Сейдімбек
Қалмақтың ханы еді Қалдан Серен, Қазақтар тартып алды барлық жерін. Ордасын Едірейдің Қалдан тігіп, Қазақтан қашты Қалдан күнді кейін. Қалмақтар қашқан төмен қойдай жосып, Мың ермен Қалдан Серен тұрған тосып. Абылай аңға шығып ұйқтап қапты, Абылай қапаланды қолға түсіп. Қызылтау оңтүстік жақ қақ қасында, Абылай қолға т...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1940
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: С.Мусин
Мен бір жырды жырлайын, Жырласам не деп жырлайын? Ертеде өткен Абылай Хан иемді жырлайын. Оныменен қоймайын, Оның атысқан жауын жырлайын, Қосқан малын жырлайын. Мінгенде аты кер еді, Есенғұл мен ер Сәдір, Қырғызда даңқы бір шыққан ер еді. Анау бір Сәдір аттанды, Аттанды да баптанды, Қазақ бір ойға түскенде Тыныш ұйықта...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1855
Өңір: Орта Азия
Жинаушы: Ш.Уәлиханов
Қазақтың әуелгі ханы Абылай хан, Сөйлейін өткен-кеткен мен солардан. Рақат қазақ үшін көрмей кеткен, Алланың әмірімен бір туған жан. Хан еді қазақтағы қолы жеткен, Үш жүздің баласына еңбек еткен. Әкесі Абылайдың Уәли еді, Өкпелеп хандық үшін ауып кеткен. Нағашы Ғайып ханға барған ауып, Тыныштыққа тұрып қалды сонда тауы...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1985
Өңір: Қытай (ҚХР)
Жинаушы: Ш.Сұлтанбайұлы
Оғыз хан өзіне қараған елдің баршасының мұсылман болуын талап етті. Мұсылман болғандарын құрметтеп, болмағандарының өзін өлтіріп, бала-шағасын құл қылды. Ол кезде Қара ханға тәуелді елдерден басқа да жұрттар көп еді. Әрбір үлкен жұрттардың өз патшасы болар еді, кішірек елдер соған бағынып тұрар еді. Қара ханның қол аст...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1992
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б.Әбілқасымұлы
Қазақтың ұлы ханы Абылай хан, Сөйлейін өткен-кеткен мен солардан. Рахаттан қазақ үшін безіп кеткен, Алланың әмірімен бір туған жан. Хан еді қазақтағы қолы жеткен, Үш жүздің баласына еңбек еткен. Атасы Абылайдың Уәлихан Өкпелеп хандық үшін ауып кеткен. Нағашысы Ғайыпханға барған ауып, Тыныштық тұрып қалды соңда тауып. У...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Қазіргі тұрғын жерім Алтай тауы, Адамға жақсы болар деннің сауы. Бұрынғы Қалдан, Абылай заманында Қалмақ, қазақ шабысқан елдің жауы. Екі ортада бос адам жүре алмаған, Басынан қалмақ, қазақ құралмаған. Мал басын бір біреудің тартып алып, Көңілі еш нәрседен тына алмаған. Жесір-жетім халықты шауып кетсе, Артынан бітім қыл...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Тоғастапұлы
Қазанғап, өлең десе төгіледі, Рухы еліктірді көңілдегі. Жолындай отарбаның көкірегім, Екпіні паровоздай көрінеді. Шырқасам ащы дауыс бірден тартып, Оралып ұшқан құс та келіп еді. Ардақты халқымның бір жүйрігі едім, Оңтүстік Алатаудың төріндегі. Сөйлегем мен жасымнан топты жара, Қанар қап өлеңім бар отты арба. Көрмеген...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Қызыл тілім, сөйлеші, Өнеріңді жасырма. Ғылым – өнер білмедім Нашарлықтан жасымда. Бір дарақтан үш бұтақ Өркендеп өскен басында. Қойдай үркіп, қояндай Секеңдеген уақытта, Тиянақ жоқ халықта, Он төртінші ғасырда. Ойға, қырға шұбырып, Әр түбекке тығылып, Таудың жүрген тасында. Ел аузында ертегі, Кітапқа бұрын жазылмай, Т...
Жанр: Ғашықтық жыр
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ.Елікбаев
Жарандар, үміт үзбе дүниеден, Софылар ақыреттің қамын жеген. Мекені Қызылжардың аржағында, Бар екен жалқы жігіт бір енеден. Аты екен ол жігіттің Сәтбек мырза, Көрген жан құрметіне болад риза. Ағалар, дүниеде мехнат көп, Кез болдым бір пәлеге, патша Құда. Көкшетау – Сәтбек мырза мекен жері, Дүниеде жалқы жігіт болған се...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Еуропа
Жинаушы: А.Сабалұлы
Қазақтың бас батыры Олжаш атты Маңынан жан баспаған кәрі қатты. Өз тұсында адамның арыстаны, Заман заңы адамды толқындатты. Уақыт Олжашқа бір ой салды. Атырапты тітіретіп, даңқы жарды. Қазақты жабдықтауға сайман алмақ, Құралға Қарқаралы тауға барды. Қасына отыз жігіт ісмерді ерітіп, Екі-екіден қос атқа ер ертетті. Ағаш...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1949
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж.Аралбаев
Қолыма қалам алып хат жазайын, Ақтарып өткендерден сөз қозғайын. Жарандар, құлақ салсаң бұл кеңеске, Айтайын Есім ханның мен жағдайын. Із қалған белгілі боп әр ғасырда, Жамағат құлақ салып тыңдасын да. Қазаққа әділдікпен патша болып, Есім хан ел билеген өз тұсында. Ол өзі жұртын сұрап даналықпен, Мекен ғып тұрған Сырды...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қытай (ҚХР)
Жинаушы: О.Қанапин
Кірісу Төле дейді ұраным. Қоғалы дейді тұрағым. Бақтиярдан ажырап, Бәйдібек бай Жәнібек, Жалғыз ұлы – Жарықшақ Домалақ деген ананың. Албан, Суан, Дулат боп, Бөлініп бері шығамын. Жарылғамыс, Жанту боп Жаныстан келіп тарадым, Патша менен ханы көп, Байы менен жарлы көп, Ілгергі өткен заманның. Ұлы Шыңғыс ханыңды Алдымен...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1938
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: И.Ырсымбетов
Кейінгі бізге нұсқа боп, Бұрынғылардан хат қалды. Ілгері заман адамы, Мал бағып жүріп аттанды. Біздің заман жаңғыртты, Көп жасаған қарттарды. Әзіреті сұлтан уақтында, Билеген екен үлкен боп Ноғайлы деген халықтарды. Ноғайлының ішінде Әліби деген бай болып Төрт түлік малы тұмандай, Абырой мүлкі сай болып, Мастықпен көңі...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1947
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: О.Малқаров
Дүниені жарық қылған Күн мен Ай-ды, Жаратқан жанның бәрін бір Құдай-ды. Кешегі ноғайлының заманында Қарабай, өлең қылдық, Сарыбайды. Түйеден нар туады молтақ өркеш, Бұларды өлең қылдық ертеңді-кеш. Кешегі ноғайлының заманында Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты, Екі бай аттанды деп даңға шықт...
Жанр: Ғашықтық жыр
Жыл: 1928
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ.Оспанұлы
Шебер тіл ғой шешетін, сөздің сырын, Көңліңе түсіріп сәуле нұрын. Қарабай, Сарыбай хан болыпты, Өткен сонау ғасырда бізден бұрын. “Мың соққан” деген қазақ мәтелі шын, Мың біткеннің болады бәрінде жын. Қапысыз Қарабайдай хан өтіпті, Шын болса, жылқысы бар, дәл тоқсан мың. Қайырымсыз қатал бай, дәулеті көп, Құлқынына сый...
Жанр: Ғашықтық жыр
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Нукин
Ерекше сұлу Баян жаралыпты, Дүниеге сұлулығы таралыпты. Сыртынан құрғақ ие болып жүрген, Жанына Қодар қашан бара алыпты? Баяннан таба амайсың талдай мінді, Ақ жүзі жарық қылған қараңғы түнді. Баласы тоқсан байдың іздеп келіп, Бәріде қолы жетпей, құл боп сіңді. Баян боп бәрінің де ынтызары, Қолы жетпей, құл болып сіңді...
Жанр: Ғашықтық жыр
Жыл: 1953
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б.Мақанов
Бисмилла, сиынғаным бір Құдайды, Құдай артық жаратты күн мен айды. Жұрт тыңдап, халайық құлақ салса, Қарабай, сөз қыламын, Сарыбайды. Тағы да сиынғаным бір Құдайды, Құдайсыз айтқан сөзім жарамайды. Келгенше жетпіс беске бала сүймей, Бір мұңдық сөз қыламын Қарабайды. Жігіттер, шын ойлаңдар бір Құдайды, Құдай сүйіп дос қ...
Жанр: Ғашықтық жыр
Жыл: 1888
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Н.Н. Пантусов
Аждаһа жерден шығып көкке өрлер, Қысылып өзгелерден бұрын терлер. Түрі бар аждаһаның неше түрлі, Алады қолы жеткен мініскерлер. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Жайы-жайы, жай кілем, Жайылып жатқан бір кілем, Түр-түр кілем, Төгіліп жатқан кір кілем. (Көктемдегі жер)
Жанр: Жұмбақ