Жетпіске Жаңбыршының жасы толды, он бес жаста Телағыс болды. Телағыс әкесіне: – Әке, жасым жетті, мен жауға аттансам, – деді. Сонда Жаңбыршы Телағысты шақырып алып, былай деді: – Телағыс, балам сен, – деді, Сенің әкең мен, – деді. Өзіңнен өзге бала жоқ, Аға-іні және жоқ. Сен кетсең егер алысқа, Бұл дүниеге ие болып Тұр...
Genre: Батырлық жыр
Region: Қазақстан
Ноғайлы елінде он бір би болады. Сол елге көп әскерімен Ындыс қалмақ деген кәпір Ащағар сайының бойындағы ноғайлыға келеді. Ноғайлының он бір биінің үлкені Орманбет биді шақыртып алды, сонда Орманбетке Ындыстар былайша жауап айтты. –Дініме менің кір, – деді, Айтқанымды қыл, – деді. Айтқанымды қылмасаң, Біздің жолмен жү...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1941
Region: Қазақстан
Collector: А.Хангельдин
Қырық таңбалы Қырымда, он екі жарым Үрімде он екі жарым хан өткен. Сол хандардың біреуі Ақжонас болған. Өзінің жасы жетпісте, әйелінің жасы елуде еді. Өзінің баласы жоқ еді, бірақ Ақжонас оны ойға алмаған. Бір күндері қатыны кеңес құрып былай деді: – Жас болса жетті, Үлкендік те меңдетті. Бір перзент бермей бұл күнде,...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан
Collector: М.Хәкімжанова
Қосай әкесі өліп, жетім қалды. Сол уақытта Сарыбай деген бай болды. Алты ұлының ортасында оның Қарабек деген жалғыз қызы болды. Көкшеден Қосай үш жаста жетім қалды, жасы бес-алтыға толғанда шешесімен еріп Сарыбайдың үйіне барды, барған кезде Сарыбайдың қызы Қарабек Қосайдың шешесінің қолтығына бір нәрсе салып жіберді....
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан
Collector: М.Хәкімжанова
Көкше батыр Шыңғырлау, Торыат деген тауда отырады. Осыған жақын жерде қалмақ Сұлтанғали деген ханның елі болады. Сол хан Көкшеге хабар жібереді. “Ноғайлының батыры Көкше батыр болса, Сүйретпенің тауында боламыз, ноғайларын жинап соғысам десе, келсін, одан қорқып қашса, біздің қалмақтар барып елін шауып алады” депті. Ос...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1940
Region: Қазақстан
Тоқсан баулы ноғайлар Мәслихат төбе басында Жиылып кеңес құрады, Темірдің төмен қасында. Жем өзенінің жағасы Мекен еткен қаласы. Он сегіз күн кеңесті Ноғайдың сонда баласы. Асанқайғы, Ер Тоған Сыр дариясын жағалап, Нұрдың Қарабайыры Солай асып жөнелді. Қарғабойлы, Қазтуған “Шам шәһаріне кетем, деп, Мұнда тұрып нетем” д...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан
Collector: М.Хәкімжанова
Асан бұрын Асан мырза еді, өзі бай еді. Бір уақытта ноғайлы жиналып отырғанда, ноғайлының ішінен біреуі: – Бір дарияда адам көрмеген бір балық бар екен, – деді. Асан мырзаның бір досы бар екен, осы досын шақырып алып, соған жүрмек болды. Сол балықты көру үшін Асанқайғы жүріп кетеді. Сол балыққа барса, біреулер дарияға...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан
Collector: Д.Сеңгірбаев
Тоқсан баулы ноғайда он екі жарым хан өткен, он екі жарым ханның тұсында Ақшахан деген хан өткен. Ақшаханның тұсында Қыдырбай деген бай болған екен, жасы сексенге жеткен жан болған. Қыдырбай бұрын мерекелі той жасап, екі атанға саба артып, екі ту бие жетелетіп, екі биені сояды екен, төрт саба қымызды құяды екен, жыршы...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан
Collector: М.Хәкімжанова
Қалың ойнап жатқанда Ақташы хан алпыс биіне: “Нәрік баласы Шораның Таспакерін алып кел”, – деп жіберген. Алпыс би Таспакерді барып сұрағанмен, бермеді. Сонда, алпыс би үйді шыр айналып шапқанда, аттың дүбірімен, мылтықтың дуымен Таспакер сарайды бұзып, есігінен шығып кетеді. Сонда, алпыс би Таспакерді ұстап алып кете б...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан
Collector: М.Хәкімжанова, Б.Жақыпбаев, Д.Мұрынұлы, М.Исаев, А.Хангельдин
НӘРІК Нәрік деген Қазан шәрінің ханы еді. Жасы сексенге толды, өзі егде болды. Сонда қасында қырық биі бар еді. Бір күндері Нәрік қырық биін шақырып: Мен бір әйел алайын деп едім, – деп кеңес құрады. Нәріктің сол кезде бес қатыны бар еді. Алды жиырма бесте, арты он бесте еді. Қырық бидің ішінде ең үлкені Әліби деген ед...
Genre: Батырлық жыр
Year: 1942
Region: Қазақстан
Collector: М.Хәкімжанова, Б.Жақыпбаев, Д.Мұрынұлы, М.Исаев, А.Хангельдин
Cәби балаларға арналған жоқтау
Genre: Жоқтау
Year: 1994
Region: Қазақстан
Collector: Матыжанов К.
Қазалы жерге көңіл айта келгендермен азалы топтың өзара қарым-қатынасын білдіретін мәтін ретінде томға енгізіліп отыр.
Genre: Жерлеу салты
Year: 1994
Region: Қытай (ҚХР)
Есік алды күрке еді-ау, Күркеден атым үркеді. Алтыннан қымбат атажан, Тақтаймен бетің бүркелді. Есіктің алды шие еді, Шиеге қолым тиеді. Ел жақсысын көргенде Ішім оттай күйеді. Майазат бойын жәйлай жат, Желілей бие байлай жат. Артыңда қалған қалқаңды, Не болад деп ойлай жат.
Genre: Жоқтау
Region: Қазақстан
Бұл марқұмды жерлеуге дейінгі міндетті рәсімдердің бірі-ақ киізге орау немесе ағаш табытқа салудың рәсімі көрініс табатын мәтін болғандықтан томға енгізілді.
Бұрын марқұмды қабірге дейін жеткізу үшін қазіргі кілемге орау орнына Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарының қазақтары мен Орта Азиядағы кейбір халықтарда арнайы «табыт ағаш» қолданылған.
Ал бір өңірлерде табытты ақ киізден басылған арнайы киіз ауыстырады. Ол «ақ киіз», «иман киіз», «табыт киіз» деп аталады. Бастапқы кезде бүкіл ру үшін бір киіз басылса, келе-келе әрбір үйдің өзінде болуы міндеттеліп, өлімнен тыс уақытта қадірлі жерде, жүк арасында жинаулы тұрған. Жерлеуге пайдаланылған киізді түнде «жұлдыз көрсін» деп, далада қалдырған. Жерлеу салтына қатысты өлеңдерде «табыт ағаш» ұғымы көбірек сақталған.
Genre: Жоқтау
Year: 2002
Region: Қытай (ҚХР)
Collector: Нұрғалиұлы Н.
Жерлеу салтындағы ежелден күні бүгінге дейін қатаң сақталатын міндетті рәсім тазарту шараларына байланысты. Алдымен марқұмды жуындырады да, мүрдені үш рет аударып, тазалап жуып, кебіндейді. Кебіннің етек-жеңі, жағасы болмайды, ол қиылмайды, тігілмейді, тек оралады. Ер адамның кебіні оңнан-солға, ал әйелдікі солдан оңға қарай оралады. Кебінделу—адамның бұл дүниеден қол үзуінің басты белгілерінің бірі. Сондықтан халық «кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деп тұжырымдаған.
Genre: Жоқтау
Year: 2004
Region: Қазақстан
Collector: Мұқаметкәрім- қызы К.
Өлім белгісі анықтала салысымен марқұмды тірілерден бөлектеу орнының (бұрын арнайы үй тігілген) оң жағына орналастыру міндетті саналған.
Оқшауланған марқұмның денесі жерленгенге дейін көзден таса етілмей, күні-түні күзетіледі де, үйдің жарығы қырық күнге дейін сөндірілмейді. Бұл зиянкестер қастандық жасауы мүмкін деген көне түсініктен туған.
Genre: Жерлеу салты
Year: 2002
Region: Қытай (ҚХР)
Collector: Нұрғалиұлы Н.
Ертілеудің өлер алдында айтқан қоштасуы.«Ертілеудің өлер алдында айтқаны» деп аталатын араз- дасу үлгісі ӘӨИ-дің 325-бума, 4-дәптерінен алынды. Хамзин Мысалдың 1905-1911 жылдары жазып алған араб әрпіндегі әдебиет жинағы 1962 жылы институт қорына тапсырылған.
Дәстүрлі қалыптасқан салт бойынша, өлім халіне жақындаған жасы келген я сырқат адамның алыс-жақын ағайын-туғандарына хабар беріліп, көзі тірісінде арыздасып, қоштасуға мүмкіндік тудыру, оның соңғы тілегін, тірілерге айтар аманатын естіп қалу парыз саналған. Осы сәттен бастап, адам- ды о дүниеге жөнелтудің дәстүрлі шарттары қатаң сақталып, бұлжытпай орындалуы қадағаланған. Ең алдымен иман кали- малары айтқызылып, жанның тәннен шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған (аузына су тамызу, жастығын алу, көзін жабу, оқшаулау т.б.).
Genre: Өлең
Year: 1905
Region: Қазақстан
Collector: Хамзин Мысал
Жүрегіміз бірде күліп, бірде жылап, Сөз естіп тыңдайтұғын екі құлақ. Баланың ата-анасы пірі болса, Болады бірі асқар тау, бірі бұлақ. Айдостың ерлік сөзін мен жазамын, Жолдастар, құлағың сал, жақсы тыңдап. Сөйлеуші қариядан білдім сұрап, Бұл сөзім миға қонса, көңілге ұнап. Қатесін жазуымның түзетіңіз, Өлеңді оқыңыз да...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1937
Region: Қазақстан
Ой салар өткен іске көңіл бұру, Өмірге көз жіберсең бір қыдыру. Ер өткен, ел жаңарған, жол өзгерген, Жаңда жоқ жаратылыс мәңгі тұру. Ақыл сөз ойға қуат, бойға жылу, ұясы екеуінің паһым қылу. Өмірдің құрбаны боп кеткен екен Не шешен, басым батыр, көркем сұлу. Өмірдің өшпес жолы өліп сыну, Қозғалыс, қуат сөніп, бітіп тын...
Genre: Тарихи жыр
Year: 1963
Region: Қазақстан
Collector: Т. Қанағатов, Т. Бекқожина
Мырзаш батыр данасы, Алдияр батыр атасы. Руы найман төртуыл, Тұзақшы еді бабасы. Мырзаш батыр түс көргіш, Қызыр берген батасы. Қызырдан түсте бата алған, Сәуегөй батыр атанған. Жайшылық ұнар және бар, Жайшын тас алған данышпан. Жаушылық сонан көп болған Қазақ, қалмақ жонынан. Жері жоқ қазақ сиыспай, Қан төкті қалмақ ел...
Genre: Тарихи жыр
Region: Қазақстан