Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

5063 Жалпы жазба
199,295 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4031 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 5063 жазба көрсетілуде

ЖАҢБЫРШЫҰЛЫ ТЕЛАҒЫС

Жетпіске Жаңбыршының жасы толды, он бес жаста Телағыс болды. Телағыс әкесіне: – Әке, жасым жетті, мен жауға аттансам, – деді. Сонда Жаңбыршы Телағысты шақырып алып, былай деді: – Телағыс, балам сен, – деді, Сенің әкең мен, – деді. Өзіңнен өзге бала жоқ, Аға-іні және жоқ. Сен кетсең егер алысқа, Бұл дүниеге ие болып Тұр...

Жанр: Батырлық жыр Өңір: Қазақстан

Манашыұлы Тұяқбай

Ноғайлы елінде он бір би болады. Сол елге көп әскерімен Ындыс қалмақ деген кәпір Ащағар сайының бойындағы ноғайлыға келеді. Ноғайлының он бір биінің үлкені Орманбет биді шақыртып алды, сонда Орманбетке Ындыстар былайша жауап айтты. –Дініме менің кір, – деді, Айтқанымды қыл, – деді. Айтқанымды қылмасаң, Біздің жолмен жү...

Жанр: Батырлық жыр Жыл: 1941 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Хангельдин

Ақжонас ұлы Ер Кеңес

Қырық таңбалы Қырымда, он екі жарым Үрімде он екі жарым хан өткен. Сол хандардың біреуі Ақжонас болған. Өзінің жасы жетпісте, әйелінің жасы елуде еді. Өзінің баласы жоқ еді, бірақ Ақжонас оны ойға алмаған. Бір күндері қатыны кеңес құрып былай деді: – Жас болса жетті, Үлкендік те меңдетті. Бір перзент бермей бұл күнде,...

Жанр: Батырлық жыр Жыл: 1942 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Хәкімжанова

Көкшенің ұлы Ер Қосай

Қосай әкесі өліп, жетім қалды. Сол уақытта Сарыбай деген бай болды. Алты ұлының ортасында оның Қарабек деген жалғыз қызы болды. Көкшеден Қосай үш жаста жетім қалды, жасы бес-алтыға толғанда шешесімен еріп Сарыбайдың үйіне барды, барған кезде Сарыбайдың қызы Қарабек Қосайдың шешесінің қолтығына бір нәрсе салып жіберді....

Жанр: Батырлық жыр Жыл: 1942 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Хәкімжанова

КӨКШЕ БАТЫР

Көкше батыр Шыңғырлау, Торыат деген тауда отырады. Осыған жақын жерде қалмақ Сұлтанғали деген ханның елі болады. Сол хан Көкшеге хабар жібереді. “Ноғайлының батыры Көкше батыр болса, Сүйретпенің тауында боламыз, ноғайларын жинап соғысам десе, келсін, одан қорқып қашса, біздің қалмақтар барып елін шауып алады” депті. Ос...

Жанр: Батырлық жыр Жыл: 1940 Өңір: Қазақстан

Қарғабойлы, Қазтуған

Тоқсан баулы ноғайлар Мәслихат төбе басында Жиылып кеңес құрады, Темірдің төмен қасында. Жем өзенінің жағасы Мекен еткен қаласы. Он сегіз күн кеңесті Ноғайдың сонда баласы. Асанқайғы, Ер Тоған Сыр дариясын жағалап, Нұрдың Қарабайыры Солай асып жөнелді. Қарғабойлы, Қазтуған “Шам шәһаріне кетем, деп, Мұнда тұрып нетем” д...

Жанр: Батырлық жыр Жыл: 1942 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Хәкімжанова

Асанқайғы, Тоған, Абат

Асан бұрын Асан мырза еді, өзі бай еді. Бір уақытта ноғайлы жиналып отырғанда, ноғайлының ішінен біреуі: – Бір дарияда адам көрмеген бір балық бар екен, – деді. Асан мырзаның бір досы бар екен, осы досын шақырып алып, соған жүрмек болды. Сол балықты көру үшін Асанқайғы жүріп кетеді. Сол балыққа барса, біреулер дарияға...

Жанр: Батырлық жыр Жыл: 1942 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Д.Сеңгірбаев

Қыдырбайұлы Қобыланды

Тоқсан баулы ноғайда он екі жарым хан өткен, он екі жарым ханның тұсында Ақшахан деген хан өткен. Ақшаханның тұсында Қыдырбай деген бай болған екен, жасы сексенге жеткен жан болған. Қыдырбай бұрын мерекелі той жасап, екі атанға саба артып, екі ту бие жетелетіп, екі биені сояды екен, төрт саба қымызды құяды екен, жыршы...

Жанр: Батырлық жыр Жыл: 1942 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Хәкімжанова

ШОРА

Қалың ойнап жатқанда Ақташы хан алпыс биіне: “Нәрік баласы Шораның Таспакерін алып кел”, – деп жіберген. Алпыс би Таспакерді барып сұрағанмен, бермеді. Сонда, алпыс би үйді шыр айналып шапқанда, аттың дүбірімен, мылтықтың дуымен Таспакер сарайды бұзып, есігінен шығып кетеді. Сонда, алпыс би Таспакерді ұстап алып кете б...

Жанр: Батырлық жыр Жыл: 1942 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Хәкімжанова, Б.Жақыпбаев, Д.Мұрынұлы, М.Исаев, А.Хангельдин

НӘРІК

НӘРІК Нәрік деген Қазан шәрінің ханы еді. Жасы сексенге толды, өзі егде болды. Сонда қасында қырық биі бар еді. Бір күндері Нәрік қырық биін шақырып: Мен бір әйел алайын деп едім, – деп кеңес құрады. Нәріктің сол кезде бес қатыны бар еді. Алды жиырма бесте, арты он бесте еді. Қырық бидің ішінде ең үлкені Әліби деген ед...

Жанр: Батырлық жыр Жыл: 1942 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Хәкімжанова, Б.Жақыпбаев, Д.Мұрынұлы, М.Исаев, А.Хангельдин

Жылқы ішінде дөнен кер

Қазалы жерге көңіл айта келгендермен азалы топтың өзара қарым-қатынасын білдіретін мәтін ретінде томға енгізіліп отыр.

Жанр: Жерлеу салты Жыл: 1994 Өңір: Қытай (ҚХР)

Есік алды...

Есік алды күрке еді-ау, Күркеден атым үркеді. Алтыннан қымбат атажан, Тақтаймен бетің бүркелді. Есіктің алды шие еді, Шиеге қолым тиеді. Ел жақсысын көргенде Ішім оттай күйеді. Майазат бойын жәйлай жат, Желілей бие байлай жат. Артыңда қалған қалқаңды, Не болад деп ойлай жат.

Жанр: Жоқтау Өңір: Қазақстан

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу

Бұл марқұмды жерлеуге дейінгі міндетті рәсімдердің бірі-ақ киізге орау немесе ағаш табытқа салудың рәсімі көрініс табатын мәтін болғандықтан томға енгізілді. Бұрын марқұмды қабірге дейін жеткізу үшін қазіргі кілемге орау орнына Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарының қазақтары мен Орта Азиядағы кейбір халықтарда арнайы «табыт ағаш» қолданылған. Ал бір өңірлерде табытты ақ киізден басылған арнайы киіз ауыстырады. Ол «ақ киіз», «иман киіз», «табыт киіз» деп аталады. Бастапқы кезде бүкіл ру үшін бір киіз басылса, келе-келе әрбір үйдің өзінде болуы міндеттеліп, өлімнен тыс уақытта қадірлі жерде, жүк арасында жинаулы тұрған. Жерлеуге пайдаланылған киізді түнде «жұлдыз көрсін» деп, далада қалдырған. Жерлеу салтына қатысты өлеңдерде «табыт ағаш» ұғымы көбірек сақталған.

Жанр: Жоқтау Жыл: 2002 Өңір: Қытай (ҚХР) Жинаушы: Нұрғалиұлы Н.

Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау

Жерлеу салтындағы ежелден күні бүгінге дейін қатаң сақталатын міндетті рәсім тазарту шараларына байланысты. Алдымен марқұмды жуындырады да, мүрдені үш рет аударып, тазалап жуып, кебіндейді. Кебіннің етек-жеңі, жағасы болмайды, ол қиылмайды, тігілмейді, тек оралады. Ер адамның кебіні оңнан-солға, ал әйелдікі солдан оңға қарай оралады. Кебінделу—адамның бұл дүниеден қол үзуінің басты белгілерінің бірі. Сондықтан халық «кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деп тұжырымдаған.

Жанр: Жоқтау Жыл: 2004 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Мұқаметкәрім- қызы К.

Адам оң жаққа салынғанда айтылатын жоқтау

Өлім белгісі анықтала салысымен марқұмды тірілерден бөлектеу орнының (бұрын арнайы үй тігілген) оң жағына орналастыру міндетті саналған. Оқшауланған марқұмның денесі жерленгенге дейін көзден таса етілмей, күні-түні күзетіледі де, үйдің жарығы қырық күнге дейін сөндірілмейді. Бұл зиянкестер қастандық жасауы мүмкін деген көне түсініктен туған.

Жанр: Жерлеу салты Жыл: 2002 Өңір: Қытай (ҚХР) Жинаушы: Нұрғалиұлы Н.

Ертілеудің өлер алдында айтқаны

Ертілеудің өлер алдында айтқан қоштасуы.«Ертілеудің өлер алдында айтқаны» деп аталатын араз- дасу үлгісі ӘӨИ-дің 325-бума, 4-дәптерінен алынды. Хамзин Мысалдың 1905-1911 жылдары жазып алған араб әрпіндегі әдебиет жинағы 1962 жылы институт қорына тапсырылған. Дәстүрлі қалыптасқан салт бойынша, өлім халіне жақындаған жасы келген я сырқат адамның алыс-жақын ағайын-туғандарына хабар беріліп, көзі тірісінде арыздасып, қоштасуға мүмкіндік тудыру, оның соңғы тілегін, тірілерге айтар аманатын естіп қалу парыз саналған. Осы сәттен бастап, адам- ды о дүниеге жөнелтудің дәстүрлі шарттары қатаң сақталып, бұлжытпай орындалуы қадағаланған. Ең алдымен иман кали- малары айтқызылып, жанның тәннен шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған (аузына су тамызу, жастығын алу, көзін жабу, оқшаулау т.б.).

Жанр: Өлең Жыл: 1905 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Хамзин Мысал

Айдос батыр (Жұмаділ Айдарбеков нұсқасы)

Жүрегіміз бірде күліп, бірде жылап, Сөз естіп тыңдайтұғын екі құлақ. Баланың ата-анасы пірі болса, Болады бірі асқар тау, бірі бұлақ. Айдостың ерлік сөзін мен жазамын, Жолдастар, құлағың сал, жақсы тыңдап. Сөйлеуші қариядан білдім сұрап, Бұл сөзім миға қонса, көңілге ұнап. Қатесін жазуымның түзетіңіз, Өлеңді оқыңыз да...

Жанр: Тарихи жыр Жыл: 1937 Өңір: Қазақстан

Мырзаш батыр (Сағидолла Нұралин нұсқасы)

Ой салар өткен іске көңіл бұру, Өмірге көз жіберсең бір қыдыру. Ер өткен, ел жаңарған, жол өзгерген, Жаңда жоқ жаратылыс мәңгі тұру. Ақыл сөз ойға қуат, бойға жылу, ұясы екеуінің паһым қылу. Өмірдің құрбаны боп кеткен екен Не шешен, басым батыр, көркем сұлу. Өмірдің өшпес жолы өліп сыну, Қозғалыс, қуат сөніп, бітіп тын...

Жанр: Тарихи жыр Жыл: 1963 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Т. Қанағатов, Т. Бекқожина

Мырзаш батырдың қиссасы (Ержан Ахметов нұсқасы)

Мырзаш батыр данасы, Алдияр батыр атасы. Руы найман төртуыл, Тұзақшы еді бабасы. Мырзаш батыр түс көргіш, Қызыр берген батасы. Қызырдан түсте бата алған, Сәуегөй батыр атанған. Жайшылық ұнар және бар, Жайшын тас алған данышпан. Жаушылық сонан көп болған Қазақ, қалмақ жонынан. Жері жоқ қазақ сиыспай, Қан төкті қалмақ ел...

Жанр: Тарихи жыр Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 216 / 254 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды