Халық аузынан әңгіме. Қариялардан естіген әңгіме. Қазақ арасында қазақты билеген хан тұқымы, ақсүйек сұлтан шонжарларының басы бірікпеген. Алауыздығынан қазақ халқы Жоңғар қалмағынан адам айтқысыз зілді соққы көріп, неше мыңдаған адам қырылып, тұтқынға алынып, “Ақтабан шұбырындыға” ұшырапты. Бұдан кейін ақсүйек сұлтан...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Е.Білеуов
Қолыма қалам алайын, Ақ қағаздың бетіне Қарадан сия жағайын. Жазайын деп ойлансам, Сөзге толық сарайым. Бір нұсқа артта қалуға Келтірген шығар орайын. Ер Барақты жыр етіп Жазуға тұрмын мұғайым. Қатесі болса сөзімнің, Кешірерсіз, ағайын. Құлақ салсаң, жігіттер, Ер Барақтың сөзінен Азырақ қозғап қарайын. Бұрынғы өткен за...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1961
Өңір: Орта Азия
Жинаушы: Б.Ысқақов, Т.Бекқожина
Қолыма қалам алдым тербеткелi, Бұл өзi бұрынғының өрнектерi. Осындай үлгi сөздi әңгiме ғып, Ермектеп жүрушi едiм ер жеткелi. Ұлы жүз – арғы нәсiлiм, үйсiн – елiм, Төрт дулат атанады ата-тегiм. Дулаттың iшiндегi Ботпайымыз, Көлемi Алматының – өскен жерiм. Нұрлыбай – әкем аты, атым – Әшiм Затыңды қалай қылып жасырасың? Б...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1959
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.Нұрлыбайұлы
Жазайын бісмілла деп қисса бастап, Керейдің әруақты ерін мақтап. Жасымнан үлкендерден көп естіген, Бұл өзі хикая еді жазса жасқы-ақ. Жәнтекей сүйіндіктен алды тарар, Алтыдан туған сары ру болар. Сарыдан Бақдәулет, Бердәулет боп, Бердәулеттен туған бір батыр ұл бар. Дейді екен оның атын ер Жәнібек, Бұл жайлы кеңес жазды...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1927
Өңір: Қытай (ҚХР)
Біздің қазақ халқы бұрын қалмақ, қырғыз, өзбек болып, төрт ұлтқа бөлініп, бірін-бірі әлі келгенін шауып алып, білегінің күші, найзасының ұшымен бірін-бірі езіп-жаншып жүрген еді. Содан қалмақты жаулап, қазақ жерінен қытай жеріне аударды. Содан қазақ бірбеткей болып, қазақ ішінде ұлы жүздің баласы қырғызбен өте жауласып...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.Жаманкеев
Домбыра екі шекті қолға алайын, Азырақ әнге салып толғанайын. Білгенді, естігенді баянды етіп, Ерлерден ертеде өткен сөз қозғайын. Ертеде, ерте өткен бұрындағы, Көз жетпес нысансыз Қырымдағы Ақындар талай-талай өлең еткен Біздерден көп жыл өткен бұрындағы. Өтіпті Асан қайғы, Бұқар жырау. Олардың айтқанына кімде дау бар...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.Ділібаев
Бішкек қаласында қырғыздар мен қазақтардың үлкен тобы бас қосыпты. Сол топта бір күні қырғыз манабы Шабден мен қазақ биі Ноғайбай сөз таластырып қалыпты. Соның ертеңіне Шабден: «Ноғайбай қазақтармен түстеніп кетсін» деп кісі жіберіпті. Шабден ақ үйлерді тіккізіп тастап, Бішкектің арғы сыртындағы Төтелдеш деген жерде жа...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.Ділібаев
Райымбегім, асылым, Жауар күндей күркіреп, Жауына түскен жасыным. Қысылған кейбір шақтарда, Құтқарған елін, асылым. Шұғыла шашып жанына, Түсірген алысқа жарығын. Жаның міне, жай тапты, Бақыл болғын, асылым. Атадан асып туып ең, Атаның жолын қуып ең, Қасарысқан жауыңа, Қанменен кегіңді жуып ең. Бала жасыңнан шыңдалып, Е...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 2005
Өңір: Қытай (ҚХР)
– Айналайын, жан ана, Рұқсат маған бер, ана. Кеткен қолдың артынан, Мен де жетіп барайын. Қалмақтан кекті алайын, Қайтпасын менің талайым. Жаратқан Ием жар болса, Жауға ойран салайын. Бір Құдайым жар болса, Қалмақтан кекті алайын, Көпке олжа салайын. Осы жолдан тоқтатпа, Қайтпасыншы талайым. Артынан барып атама, Аралас...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1990
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Болысов
Сөйлейiн бiразырақ өткендерден, Қазақтар Сыр бойында жүрген едi. Қазақтан жиырма бір батыр шығып, Хан көтердi Абылайды. Абылай билеп тұрды дәл сол кезде, Жауынгер болды қазақ көрер көзге. Алмаққа Сарыарқаны даярланып, Қырық батыр сол уақта жаһан кездi. Соғысқа даярланды хан Абылай, Қалмақтар Сарыарқаны бере ме жай? Абы...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: С.Мусин
Халық ақыны хат жазуға қалам алған, Ешкiмнен өтпей тұрмас мына жалған. Орта жүзде Сүйiндiк ұранды ел, Олжабай қатарында батыр болған. Мәшһүр Жүсiп жазыпты кiтабына, Үшбу сөз тарих болып бiзге қалған. Сақау ақын белгiлi асқан жырау Мазмұнын көрiп тұрып өлең қылған. Халықтың қатарласқан заманында Тағылым алып сөйлейiн ме...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1939
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Е.Құлсариев
Жидебай батыр – орта жүз, арғын. Хан Абылайдың тұсында шыққан. Мейрамның Қарқабат дейтін қатынынан туады. Болатқожадан Түйте туған. Ақшадан Бошан туған. Түйтеден Тымырсық пен Сары туған. Мұнан Танас пен Майқы туған. Танас төрт болыс ел. Майқы екі болыс ел. Тұрағы – Қарғалы. Майқыдан Әлтеке, Сарым туған. Әлтекенің Дос д...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1927
Өңір: Қазақстан
Жасыбай кәпірлерге салды ойран, Топалаң жаман болды тиген қойдан. Болыпты соғысқалы үш ай, он күн Талықсып адасыпты ақыл ойдан. Сол күнде адасыпты ақыл, ойдан, Қуаты жас баланың кетті бойдан. Нешелік неше мың сан болса дағы Жандыдан түк қалдырмай бәрін қырған. Бітірді жапандағы шыққан жанды Ағызып Ніл дария қызыл қанды...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Жақсы ат пен арқалы атан бас сүйегі, Елімнің аялауы емес тегін. Ат-жалы, атан-қомы, ержігітпен Үшеуі арқалаған өмір жүгін. Салтымыз бабалардан қалған әдет, Биікке шығарамыз күні бүгін. (Жағабай қарттың өлеңінен). І Қырық алтыншы жылдың күзінде, Азаттық күрес кезінде, Құбылып тұрған қоңыр кеш Әлі күнге есімде. Ауылдан к...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1991
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Р.Ғарифоллин
Кім білмес наймандағы Боранбайды, Бес байыс боранбайлап ұрандайды. Қазақтың ұран шықса қаны қызып, Ер жігіт өз үйінде тұра алмайды. Үш жүзге байлықпенен аты шыққан, Естиміз асқан бай деп Бұланбайды. Бұлардың ата-тегі туысы бір, Кейбіреу нақ айтпаса біле алмайды. Байыстың елге әйгілі бес баласы, Үлкені Сарымырза – ер да...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1986
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б.Садықанұлы
Аз-көптік, барлық-жоқтық бір Құдайдан, Жақсыға құрмет етсек осындайдан. Қазақта бұдан бұрын болып өткен, Сөйлейін Қаракерей Қабанбайдан. Атамыз әуел бастан адам өткен, Таралып ер Әділден талай өткен. Қазақтың бұрынғы өткен заманында Дейтұғын ер Қабанбай сабаз өткен. Дейтұғын ер Қабанбай сабаз өтті, Ауызынан қайтармайты...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Қолыма хат жазайын қалам алып, Бұзылды жылдан жылға заман азып. Аз ғана Қабанбайдан сөз қозғалық, Тыңдасаң жамағаттар құлақ салып. Аз ғана сөз қозғалық Қабанбайдан, Адамзат ата-анасыз туар қайдан. Орыстың мына заман заманы деп, Болыпты түгел бодан тамам найман. Шұбарым, арғымағым дүлді аламын, Басынан Арқауылдың күн ша...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Тұлпарым, арғымағым, жүлде алғаным, Басынан Арқаулының* күн шалғаным. Аузыма “ә” дегенде тола түскен, Қабанбай, Кенесары ел қорғаным. Қабекең артық туған есіл ерім, Олжаға қарық қылған ерген елін. Бір күні батыр Қабан жаусырады, Жидырды хабар беріп тамам елін. Атады үлкен мерген арқар, құлжа, Жігіттер атқа түйе тегін о...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан
Арыңдап сөйле қызыл тіл, Бөгеліп, тоқтап қамалмай. Нөсердей төгіп желдеші, Арқадан соққан самалдай. Білімі көптің көбейді, Білмей қоймас бағаңды-ай. Қалмақ пенен қазақ жау бопты, Бұрынғы өткен заманда-ай. Дұшпаннан халқын қорғаған Қаракерей Қабанбай. Қабанбайдан жеңіліп, Таппапты-ай қалмақ амалды-ай. Батыр болып туыпты...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1976
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Шафиғи
Бір қисса сөз бастайын Қабанбайдан, Шын батыр болмаса сөз шығар қайдан. Соғысқан қазақ, қалмақ заманында Ерлігі жұртқа мәлім жарық айдан. Найманның бір руы – қара керей, Таралып халық болып қанат жайған. Руы Қабанбайдың байжігіт еді, Бақ қонған Қыдыр дарып осы жайдан. Қабекең талай жаудың тасын шаққан, Тұсында ер болды...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1976
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Т.Мағзиев