Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4989 Жалпы жазба
198,511 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4090 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4989 жазба көрсетілуде

Оғыз хан және Қаңлы елі

Оғыз хан өзіне қараған елдің баршасының мұсылман болуын талап етті. Мұсылман болғандарын құрметтеп, болмағандарының өзін өлтіріп, бала-шағасын құл қылды. Ол кезде Қара ханға тәуелді елдерден басқа да жұрттар көп еді. Әрбір үлкен жұрттардың өз патшасы болар еді, кішірек елдер соған бағынып тұрар еді. Қара ханның қол аст...

Жанр: Шежіре Жыл: 1992 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Б.Әбілқасымұлы

Сабалақ

Қазақтың ұлы ханы Абылай хан, Сөйлейін өткен-кеткен мен солардан. Рахаттан қазақ үшін безіп кеткен, Алланың әмірімен бір туған жан. Хан еді қазақтағы қолы жеткен, Үш жүздің баласына еңбек еткен. Атасы Абылайдың Уәлихан Өкпелеп хандық үшін ауып кеткен. Нағашысы Ғайыпханға барған ауып, Тыныштық тұрып қалды соңда тауып. У...

Жанр: Тарихи жыр Өңір: Қазақстан

Абылай хан

Қазіргі тұрғын жерім Алтай тауы, Адамға жақсы болар деннің сауы. Бұрынғы Қалдан, Абылай заманында Қалмақ, қазақ шабысқан елдің жауы. Екі ортада бос адам жүре алмаған, Басынан қалмақ, қазақ құралмаған. Мал басын бір біреудің тартып алып, Көңілі еш нәрседен тына алмаған. Жесір-жетім халықты шауып кетсе, Артынан бітім қыл...

Жанр: Тарихи жыр Өңір: Қазақстан Жинаушы: Тоғастапұлы

ТӨЛЕ БИДІҢ ТАРИХЫ

Қазанғап, өлең десе төгіледі, Рухы еліктірді көңілдегі. Жолындай отарбаның көкірегім, Екпіні паровоздай көрінеді. Шырқасам ащы дауыс бірден тартып, Оралып ұшқан құс та келіп еді. Ардақты халқымның бір жүйрігі едім, Оңтүстік Алатаудың төріндегі. Сөйлегем мен жасымнан топты жара, Қанар қап өлеңім бар отты арба. Көрмеген...

Жанр: Тарихи жыр Өңір: Қазақстан

ОРАҚТЫ БАТЫР

Қызыл тілім, сөйлеші, Өнеріңді жасырма. Ғылым – өнер білмедім Нашарлықтан жасымда. Бір дарақтан үш бұтақ Өркендеп өскен басында. Қойдай үркіп, қояндай Секеңдеген уақытта, Тиянақ жоқ халықта, Он төртінші ғасырда. Ойға, қырға шұбырып, Әр түбекке тығылып, Таудың жүрген тасында. Ел аузында ертегі, Кітапқа бұрын жазылмай, Т...

Жанр: Ғашықтық жыр Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ.Елікбаев

СӘТБЕК БАТЫР

Жарандар, үміт үзбе дүниеден, Софылар ақыреттің қамын жеген. Мекені Қызылжардың аржағында, Бар екен жалқы жігіт бір енеден. Аты екен ол жігіттің Сәтбек мырза, Көрген жан құрметіне болад риза. Ағалар, дүниеде мехнат көп, Кез болдым бір пәлеге, патша Құда. Көкшетау – Сәтбек мырза мекен жері, Дүниеде жалқы жігіт болған се...

Жанр: Тарихи жыр Өңір: Еуропа Жинаушы: А.Сабалұлы

ОЛЖАШ БАТЫР

Қазақтың бас батыры Олжаш атты Маңынан жан баспаған кәрі қатты. Өз тұсында адамның арыстаны, Заман заңы адамды толқындатты. Уақыт Олжашқа бір ой салды. Атырапты тітіретіп, даңқы жарды. Қазақты жабдықтауға сайман алмақ, Құралға Қарқаралы тауға барды. Қасына отыз жігіт ісмерді ерітіп, Екі-екіден қос атқа ер ертетті. Ағаш...

Жанр: Тарихи жыр Жыл: 1949 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ж.Аралбаев

ЕСІМ ХАН

Қолыма қалам алып хат жазайын, Ақтарып өткендерден сөз қозғайын. Жарандар, құлақ салсаң бұл кеңеске, Айтайын Есім ханның мен жағдайын. Із қалған белгілі боп әр ғасырда, Жамағат құлақ салып тыңдасын да. Қазаққа әділдікпен патша болып, Есім хан ел билеген өз тұсында. Ол өзі жұртын сұрап даналықпен, Мекен ғып тұрған Сырды...

Жанр: Тарихи жыр Өңір: Қытай (ҚХР) Жинаушы: О.Қанапин

ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕСІМ

Кірісу Төле дейді ұраным. Қоғалы дейді тұрағым. Бақтиярдан ажырап, Бәйдібек бай Жәнібек, Жалғыз ұлы – Жарықшақ Домалақ деген ананың. Албан, Суан, Дулат боп, Бөлініп бері шығамын. Жарылғамыс, Жанту боп Жаныстан келіп тарадым, Патша менен ханы көп, Байы менен жарлы көп, Ілгергі өткен заманның. Ұлы Шыңғыс ханыңды Алдымен...

Жанр: Тарихи жыр Жыл: 1938 Өңір: Қазақстан Жинаушы: И.Ырсымбетов

Батыр Жәнібектің өлеңі

Кейінгі бізге нұсқа боп, Бұрынғылардан хат қалды. Ілгері заман адамы, Мал бағып жүріп аттанды. Біздің заман жаңғыртты, Көп жасаған қарттарды. Әзіреті сұлтан уақтында, Билеген екен үлкен боп Ноғайлы деген халықтарды. Ноғайлының ішінде Әліби деген бай болып Төрт түлік малы тұмандай, Абырой мүлкі сай болып, Мастықпен көңі...

Жанр: Тарихи жыр Жыл: 1947 Өңір: Қазақстан Жинаушы: О.Малқаров

Қозы Көрпеш – Баян сұлу (Қоңқабаев Мейірман)

Дүниені жарық қылған Күн мен Ай-ды, Жаратқан жанның бәрін бір Құдай-ды. Кешегі ноғайлының заманында Қарабай, өлең қылдық, Сарыбайды. Түйеден нар туады молтақ өркеш, Бұларды өлең қылдық ертеңді-кеш. Кешегі ноғайлының заманында Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты, Екі бай аттанды деп даңға шықт...

Жанр: Ғашықтық жыр Жыл: 1928 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ.Оспанұлы

ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ (М.Нукин нұсқасы)

Шебер тіл ғой шешетін, сөздің сырын, Көңліңе түсіріп сәуле нұрын. Қарабай, Сарыбай хан болыпты, Өткен сонау ғасырда бізден бұрын. “Мың соққан” деген қазақ мәтелі шын, Мың біткеннің болады бәрінде жын. Қапысыз Қарабайдай хан өтіпті, Шын болса, жылқысы бар, дәл тоқсан мың. Қайырымсыз қатал бай, дәулеті көп, Құлқынына сый...

Жанр: Ғашықтық жыр Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Нукин

Қозы Көрпеш – Баян сұлу (Б.Мақанов)

Ерекше сұлу Баян жаралыпты, Дүниеге сұлулығы таралыпты. Сыртынан құрғақ ие болып жүрген, Жанына Қодар қашан бара алыпты? Баяннан таба амайсың талдай мінді, Ақ жүзі жарық қылған қараңғы түнді. Баласы тоқсан байдың іздеп келіп, Бәріде қолы жетпей, құл боп сіңді. Баян боп бәрінің де ынтызары, Қолы жетпей, құл болып сіңді...

Жанр: Ғашықтық жыр Жыл: 1953 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Б.Мақанов

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕНІ (Д.Айтбаев нұсқасы)

Бисмилла, сиынғаным бір Құдайды, Құдай артық жаратты күн мен айды. Жұрт тыңдап, халайық құлақ салса, Қарабай, сөз қыламын, Сарыбайды. Тағы да сиынғаным бір Құдайды, Құдайсыз айтқан сөзім жарамайды. Келгенше жетпіс беске бала сүймей, Бір мұңдық сөз қыламын Қарабайды. Жігіттер, шын ойлаңдар бір Құдайды, Құдай сүйіп дос қ...

Жанр: Ғашықтық жыр Жыл: 1888 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Н.Н. Пантусов

Жер, табиғат құбылыстары

Аждаһа жерден шығып көкке өрлер, Қысылып өзгелерден бұрын терлер. Түрі бар аждаһаның неше түрлі, Алады қолы жеткен мініскерлер. (Жер)

Жанр: Жұмбақ

Жер, табиғат құбылыстары

Жайы-жайы, жай кілем, Жайылып жатқан бір кілем, Түр-түр кілем, Төгіліп жатқан кір кілем. (Көктемдегі жер)

Жанр: Жұмбақ

Жер, табиғат құбылыстары

Бір зат бар дүниеде құшағы кең, ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. Адамзат, жан-жануар арасында Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (Жер)

Жанр: Жұмбақ

Жер, табиғат құбылыстары

Көк жүнді бір өгіз бар еті қара, Тілгіле өне бойын етіп пара. Етін жеп жатсам дағы майын сорып, Болмайды өлмек түгіл титтей жара. (Жер)

Жанр: Жұмбақ
Алдыңғы 205 / 250 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды